Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызының сұлулығы қалай бағаланған?

Опубликовано:

Қыз бала тәрбиесі қашанда қоғамның назарынан тыс қалып көрген жоқ. Қазақтар ешбір жарғы, нұсқау жазып әуре болмай-ақ әрі қысқа, әрі нұсқа нақылдармен тәрбие тағылымының тамаша үлгісін түйіп айтып отырған.

«Қыз-қонақ» деп төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген деп жазады massaget.kz.

Халық арасында бойжеткен қыз ажарына қарай алтыға бөлінген.

1. Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын.

2. Көрікті қыз – істі үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.

3. Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.

4. Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.

5. Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр.

6. Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі сыпайы, өзі әлпетті, сұңғақ бойлы, терең ойлы.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1065054-qazaq-qyzynynh-sululyghy-qalay-baghalan/

pixel