Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гинекологиялық ауруларға соқтыратын 4 фактор

Опубликовано:

Нәзік жандыларды гинекологиялық сырқаттарға соқтыратын 4 факторды anabol.kz сайты тізбектеді.

Бірінші мәселе 20-45 жас аралығындағы әйелдердің жыныс мүшесінде ірімшік тәрізді сұйықтық болады, медицина тілімен айтқанда қынап кандидозы (немесе молочница). Шынында, көпшілігіміз мұндай жағымсыз жайттың неден пайда болатынына мән бере бермейміз.

Алайда, мамандар мұның бірнеше себебін алға тартуда. Оның алғашқысы, ара-тұра ішіп тұратын сыра болса, екіншісі түрлі тәтті десерттер, яғни құрамында ашытқы бар сусындар мен тағамдар екен.

Екіншіден, гинекологтар ішкі мүшемізді инфекциядан сақтауды ескертеді. Ол үшін депиляция жасағанда, әсіресе, ұстара пайдаланғанда және әжетхана қағазын қолданғанда аса мұқият болуға кеңес береді. Демек, ұстараны бір реттен артық қолдануға болмайды және хлорланған, бояуы бар әжетхана қағаздарын емес, экологиялық таза қағаздарды тұтыну керектігін шегелеп айтып отыр.

Үшіншіден, биік өкшелі аяқ киімдер мен денеге жабысып тұратын джинсы шалбарлар нәзік жандардың жамбас сүйегін қисайтатынын, бала тууға кедергі келтіретінін алға тартады ақ халаттылар. Сондықтан күнделікті киетін аяқ киіміңіз 4-5 сантиметрден аспауын және тар джинсы шалбарларды кимеуге тырысыңыз.

Төртіншіден,  дәрігерлер гинекологиялық қауіпті дертке шалдығудың алдын алу үшін жатын орыныңызға да көңіл бөлуіңіз керек дейді. Олардың айтуынша, ұйықтайтын төсегіңіз бен ондағы матрасқа зер салуға тиіссіз. Яғни жұқа матрастар қыз-келіншектердің арқа омыртқасы мен бел омыртқасына, жатырына пайдасы зор екен.

Дәрігерлердің осындай кеңестеріне құлақ түре жүрген маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1073436-ginekologiyalyq-aurulargha-soqtyratyn/

pixel