Балаңыз бақытты болуы үшін не істеу керек?
Жарияланған күні:
Перзент сүю - ата-ананың жан қалауы. Әр ана өз баласының бақытты болғанын қалайды. Осы орайда психолог Қанапияева Балжан балаңыз бақытты болуы үшін не істеу керектігін anabol.kz сайтында тізбектеді.
Балаңыз жылауын қоймай жатса, қалаған затыңды алып беремін деп айтушы болмаңыздар.
Әр ана өз баласының нені қажет ететінін білуі керек.
Балаға аса құнды дүние - мейірімді жүрек.
Балаңызды көк жәшікке телміртпеңіз.
Балаңызға соңғы рет қандай жылы сөз айттыңыз?
Балаңыздың соңғы рет қуанғаны есіңізде ме?
Жатар уақытта өзіңізге есеп беріңіз.
Балаңыз кітапқа қызықпаса, ертегі тыңдамаса, сабағын оқымаса, кінә өзіңізде.
Балаңызды ойын-сауық орындарынан гөрі, табиғат аясына көбірек апарыңыз.
Баланы қуантатын нәрсе - анасының көңіл-күйінің көтеріңкі болғаны.
Ашу үстінде тұрғанда балаңызға айғайлап ұрсушы болмаңыз, балаңыз бірбеткей жасық болып өседі.
Үйдегі ауыр жағдайды балаңыздың көзінше айтпауға тырысыңыз, бала өзін кінәлі сезінуі мүмкін.
Әкесімен дұрыс қарым-қатынас жасауға күшіңізді салыңыз.
Балаңызға шағын отбасылық кештер ұйымдастырып тұрыңыз.
Балаңызға ашық-хаттар жазып тұрыңыз, араларыңызда сүйіспеншілік пайда болады.
Балаңызбен бірге ойнаңыз, әкесін де ұмытпаңыздар.
Жақсы сөздерді көбірек айтыңыз.
Балаңыздың бетінен ұрушы болмаңыздар.
Балаңыздың ойынына аса мән беріңіз, қадағалаңыз.
Көп шектеулер жасамаңыз.
Баланы бақытты ететін ақша емес, бұл күнде аналық жүрек пен мейірім екенін ұғыныңыз.
Балаңыз сізге қарап бой түзейді,қызыңыз болса, сізге ұқсағысы келеді, ұлы әкесіне қарап тәрбие алады. Сондықтан өзіңізді тәрбиелеңіз.
Бар кінәні баладан көрместен бұрын сіз өзіңізге мен қандай анамын деп сұрақ қойыңыз? Жауабын өзіңіз табасыз.
Кінәні баладан іздегенше, өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойланыңыз. Бала сіздің іс-әрекетіңізді қайтлаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.
Баланың бақытты болуы анасымен әкесіне байланысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1081303-balanhyz-baqytty-boluy-ushin-ne-isteu-ke/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.