RU

Сүйікті жар атану үшін не істеу керек

Сүйікті жар атану үшін не істеу керектігін отандық психолог Балжан Қанапияева anabol.kz сайтында тізбектеді.

Сіз өзіңіз сүйіп қосылған ер азаматыңызға сүйікті жар болғыңыз келетін шығар? Ендеше төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:

1. Жарыңызға жақсы сөздер мен мақтауларды көбірек айтыңыз, оған ұнайтынына сеніңіз;

2. Ер азаматтардың көпшілігі сіздердің хош иісті әтірлеріңізге қызығады, сондықтан барынша хош иістеніп жүріңіз;

3. Қолдарыңызға мән беріңіз. Ер азаматтың қызығушылығы сіздердің қолдарыңызда екенін ұмытпаңыз;

4. Жарыңыздың алдында нәзік талдырмаш болыңыз;

5. Еріңіздің айтқанына құлақ салып тыңдаңыз, неге қызығатынын сұраңыз;

6. Шешім қабылдағанда ақылдасыңыз, түсінбесеңіз, сұраңыз;

7. Дәмді тамағын уақытылы беруге тырысыңыз. Ер адамның дәмді тамақпен-ақ көңілін көтеруге болатынын білетін боларсыз?

8. Тосыннан бір нәрсе ұйымдастыра біліңіз;

9. Жүзіңізден күлкі кетпесін, әрдайым күліп жүріңіз. Сізге сондай жарасымды.

10. Қиын сәттерде жанынан табылыңыз;

11. Туыстарына да көбірек көңіл бөліңіз;

12. Өтірікті ешқашан айтпаңыз. Соңы қара түнекке бастайды;

13. Ер азаматтың жүрегіне жол табудың бір жолы — сіздің оған деген пейіліңіз бен ақ жүрегіңіздің шынайылығында;

14. Отбасылық қиыншылықтарды бірге жеңуге тырысыңыз;

15. Әрбір қарым-қатынастың бастамасы шынайы көңіл мен мейірімді жүректе, бір ауыз сөзбен-ақ көңілін көтеруге болады;

16. Ерекекке қажетті дүние - сіздің үнемі көңіл-күйіңіздің көтеріңкі болғаны;

17. Қатулы қабағыңызбен ешнәрсе өзгермейтінін түсініңіз;

18. Сүйікті жар болудың негізгі қағидасы махаббаттарыңыздың шынайы болуында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1103822-suyikti-zhar-atanu-ushin-ne-isteu-kerek/