Жайлы ұйықтау үшін қандай жастық таңдаған дұрыс?
Жарияланған күні:
Жақсы тынығу үшін омыртқаларыңыз қисаймай, түзу жату керек. Әрине, әркім әрқалай жатқанды ұнатады және әртүрлі қалыңдықтағы көрпе жамылады, сондай-ақ әртүрлі жастықты таңдайды.
Ал дұрысында қандай жастық таңдаған жөн? Ұйқыңыз жайлы болуы үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз, деп жазады anabol.kz.
1. Жастығыңыз аса жұмсақ емес, орташа болуы керек. Қауырсыны тым көп жастықтар жайсыз. Тегіс немесе ортопедиялық жастықты таңдасаңыз өкінбейсіз.
2. Синтетикалық жастықтарды жиі жууға болады. Ал, табиғи жастықтар жылына 2-3 рет қана жуылады. Егер аллергияңыз болса, синтетикалық жастықты таңдаңыз.
3. Жастықты басыңызға ғана емес, мойныңызға да салу керек.
4. Домалақ немесе ұзынша жастықтардан гөрі төртбұрышты пішінді жастық әлдеқайда ыңғайлы.
5. Жастықсыз ұйықтауға болмайды. Бұлай істесеңіз, омыртқа мен мойын бұлшық еттері қысылып қалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1109666-zhayly-uyyqtau-ushin-qanday-zhastyq-tanhd/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.