Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босанғаннан кейінгі төсек қатынасында туындайтын мәселелер

Жарияланған күні:

Ана атану - ерекше бақыт. Перзентханадан шығып, құттықтауларды қабылдап, мерекелік күнідерді бастан кешкеннен кейін өмір қайтадан өз қалпына келеді. Бала күтімі, ұйқысыз түндер, жуылмаған жаялықтардың арасында күйеуіңе де көңіл бөліп үлгеру керек деп жазады comode.kz.

Қашан?

Дәрігерлерің айтуынша, бала босанғаннан кейін әйелдер алғашқы 4-6 апта бойы төсек қатынасына түспегені дұрыс. Осы уақытта әйелдің ағзасы қалыпқа келіп, жатыр бастапқы мөлшерге дейін кішірейеді. Бұл табиғи жолмен босанған әйелдерге де, ота жасап босанған әйелдерге де қатысты. Қынап жолдарын қалыпқа келтіру үшін Кегель жаттығуларын жасаған жөн.

Босанғаннан кейін секс қайда жоғалады?

Кейбір жағдайда босанған әйелдер жақындасудан ұзақ уақыт бойы бас тартады. Бұның бірнеше себептері болуы мүмкін:

1. "Алғашқы секс" синдромы

Босанған әйелдердің айтуынша босанғаннан кейінгі сексті алғашқы секспен салыстыруға болады. Көп әйелдер жаралардың жазылмауы немесе ота тігісінің тарқап кетуінен қорқады. Осындай қорқынышты жеңу үшін, босанғаннан кейін 1 ай ішінде міндетті түрді дәрігерге қаралу керек. Ота тігісі шынымен де ыңғайсыздық туғызса, дәрігер бұл мәселені шешіп береді.

1. Өз-өзіне сенімсіздік

Босанған әйелдің дене пішіні өзгеретіні сөзсіз. Сөйтіп, өзіне өзі ұнамай қалған әйел денесін күйеуіне де көрсеткісі келмейді. Бұндай психологиялық кемшіліктен құтылу үшін арнайы жаттығулармен айналысу керек. Бірақ, ол жаттығуларды кейбір жұлдыздарға еліктеп тым ерте бастауға болмайды.

2. Шаршағандық

Күні бойы баламен, үй шаруасымен, тамақ пісірумен айналысқан әйелдің кешке жақын сексті былай қойғанда, жуынуға да күші жетпеуі мүмін. Онымен қоса барлық дерлік аналар баланы ұйықтатқаннан кейін демалудың орнына үй шаруасымен айналысып бастайды. Бұл - үлкен қате! Қалыпқа келу үші анаға күш жинау керек. Сол себептен әйел демалыс уақыттарын жұмыс уақытымен алмастырып отырғаны дұрыс.

3. Жүкті болып қалу қаупі

Бала емізіп жүргенде де жүкті болып қалу мүмкін екенін естен шығармайтын аналар төсек қатынасына түспегенді жөн көреді. Алайда, дәріханаларда қауіпсіз сексті қамтамасыз ететін контрацептивтердің түр-түрлері бар. Өзіңізге сәйкес келетінін таңдап алыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1116321-bosanghannan-keyingi-tosek-qatynasyn/