Әр келін білуі қажет он төрт қағида
Жарияланған күні:
Қазақ халқы қашан да келінді құрмет тұтқан. Себебі келін - отбасының шырағы, от анасы. Ендеше әр келін білуге тиісті он төрт қағидаға құлақ түріңіздер деп жазады anabol.kz.
1. Мейірбан келін отбасының айнасына айналады;
2. Адалдықты бойына сіңдіре білген әйел, адал болуға тырысып өз ерін құрметтеп көңілінен шығады;
3. Сезімталдық бойына дарыған келін - әр дүниенің байыбын білетін нағыз әйелдік болмысы танылған келін;
4. Еңбекққорлық - әр келіннің бойында болуы тиісті негізгі табиғи заңдылық. Үй шаруасына бекем, тазалықты жинақылықты өзіне міндет еткен келін болуы тиіс;
5. Жауапкершілікті өзіне серік еткен әйел күйеуіне де, балаға да дұрыс қарай алатын болады;
6. Ашық қабақтылық - келінге тән негізгі қасиет. Осы мінезімен көп жағдайды шешуге болады. Әсіресе қонақты күткен кезде осы қасиеттің қажеттілігі артады. Бұл қасиетпен қонақтың да, күйеуіңнің де көңілін аулуға болады;
7. Дәмді тамақ әзірлей білу - келінге сын. Шын көңілден жасалынған ас отбасының көңілін көтеріп берекесін асырады;
8. Өтірік айтпау;
9. Өз ер азаматына деген қамқорлығы, ерін жақсы көруі, сыйлауы, құрмет тұтуы - келіннің негізгі міндеті.
10. "Балаң жаман болса да, келінің жақсы болсын" деп, бекер айтпаса керек. Еркекті ер ететін де әйел;
11. Өз енесін анасындай құрметтеуі керек;
12. Абысындармен жақсы қарым-қатынаста болу;
13. Келін өзінің ибалығымен әдемі. Сыпайылықты бойына дарытқан келін өз отбасының деңгейін көтеретін келін болады;
14. Өзін құрметтеген келін өзгені де құрметтейді.
Тағы оқыңыз:
ҰБТ-ның алғашқы күні: көз жасы, «шпорлар» және үздіксіз қоңырау шалулар
Ақтөбеде полиция NUR.KZ-тегі мақаладан соң екі қызды сабаған жігіттерді қамауға алды
Астанадағы тегін концертке ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті (фото, видео)
Қазақстандық депутаттардың көліктері қандай?
ҰБТ-ның алғашқы күні-ақ желіде биылғы емтихан сұрақтары жарияланып жатыр
Атырауда "билікті басып алмақ" болған ақсақалдар сотқа дейін түрмеден босатылды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1147689-ar-kelin-bilui-qazhet-tort-qaghida/