Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелдердің көңілді жүруіне арналған кеңестер

Опубликовано:

Әйел адамның ең бақытты да қиын кезі - жүктілік кезеңі болып саналады. Жүктілік кезеңде әйел адам  психологиялық өзгерістерге жиі түседі. Мінезі өзгеріп тым көңілшек болады деп жазады anabol.kz.

Сізге керегі осы кезеңде психологиялық қолдау мен күтім қажет. Ендеше отандық психолог Балжан Қанапияеваның кеңесіне құлақ түріңіздер:

1. Таңертең оянғанда өмірдегі ең бақытты әйелмін деп, қолыңызды жоғары сермеп үш рет айтыңыз;

2. Жаныңызға жақын дүниемен айналысыңыз;

3. Жақсы әуен тыңдаңыз;

4. Іштегі сәбиіңізге жақсы ертегілер мен әңгімелер айтып беріңіз. Ол бәрін де сезеді, ұғады, түсінеді;

5. Ашуланбаңыз, қандай жағдай болса да, адамдарға кешіріммен қараңыз. Сөз таластырып, жаныңызды жараламаңыз;

6. Еріңізбен жиі табиғат аясына шығып тұрыңыз. Іштегі сәбиіңізге махаббатыңыз ауып, еріңізді ұмытып кетпеңіз, оған да жиі көңіл бөліңіз. Еркелетіңіз, жақсы сөз айтыңыз;

7. Өзіңізге ұнаған асыңызды жеңіз;

8. Бет әлпетіңізге күтім жасаңыз, боянып жүріңіз;

9. Көп дүниелерді жаныңызға жақын алмаңыз;

10. Жеңіл дене жаттығуларын жасап тұрыңыз;

11. Күліп жүріңіз сізге күлген жарасады;

12. Әрқашан да өмірдің әр сәтінен ләззат ала біліңіз, қуана біліңіз;

13. Ана болу - үлкен бақыт. Өмірге дені сау сәби алып келгіңіз келсе, осы кеңестерді есте сақтаңыз;

14. Айналада болып жатқан аянышты жағдайларға жақсылық жасаудан бастаңыз;

15. Ішіңізге қолыңызды қойып, менің балам өмірдегі ең жақсы бала, мені тыңдайды анасымен әкесін жақсы көретін бала болады деп, күнделікті осылай айтып жүріңіз.

Тағы оқыңыз:

Алматының "Алғабасындағы" үй 32 сантиметрге қисайған (фото, видео)

ҰБТ-ның алғашқы күні: көз жасы, «шпорлар» және үздіксіз қоңырау шалулар

Ақтөбеде полиция NUR.KZ-тегі мақаладан соң екі қызды сабаған жігіттерді қамауға алды

Астанадағы тегін концертке ағылған адам легінен 15 тұрғын жапа шекті (фото, видео)

Қазақстандық депутаттардың көліктері қандай?

ҰБТ-ның алғашқы күні-ақ желіде биылғы емтихан сұрақтары жарияланып жатыр

Атырауда "билікті басып алмақ" болған ақсақалдар сотқа дейін түрмеден босатылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1147748-zhukti-ayelderdinh-konhildi-zhuruine-arn/

pixel