Алғашқы жыныстық қатынастағы ережелер

Опубликовано:

Бойжеткен құтты босағасын аттаған соң, күйеуімен жыныстық қатынасқа баруға ұялып, түрлі сылтаулармен бас тартып жатады деп жазады anabol.kz.

Сіз өз күйеуіңізді шынымен де қатты сүйетін болсаңыз, неге сол түні алғашқы жыныстық қатынастан бас тарттыңыз? Мүмкін сіз әлі дайын емес шығарсыз? Егер де солай болса, онда алғашқы жыныстық қатынастағы ережелерді ұстана отырып, психолог Балжан Қанапияеваның кеңесіне құлақ түріңіз:

1. Бас тарту күйеуіңізге ыңғайсыздық пен реніш әкеледі. Сізге ұнау үшін сол түнді сізге арнады, сіз бас тарттыңыз, ол сіздің мұны қаламағаныңызды ұқса да, сырт көзге білдіртпеді. Алайда оның жан-дүниесі жарылуға аз қалған жанартау іспетті сондай ренжулі;

2. Жақсы көрдіңіз, бірге сүйіп үйлендіңіз, ендеше сол түннен бас тартпаңыз, сол түнді өз күйеуіңізге арнап, ғажайып түн сыйлаңыз;

3. Күйеуіңіз сізге өзі қалауын айтып, көңілін білдіртсе, сіз де қарсылық көрсетпеңіз, бастысы көңілін көтеруге ыңғай таныту. Өзіңіздің нәзік талдырмаш мүсініңізбен жан-дүниесін баурап, құшақтап сүйіп, жақсы көретініңізді білдіртіңіз;

4. Ауырсынуды сезінсеңіз жаймен құлағына сыбырлап айтыңыз, ол сізге дұрыс мән береді және жаймен ыңғай танытады. Өйткені ер адамдарға құлаққа сыбырлау арқылы оның сезім гармониясын оятуға болады, тіпті қоздыруға да болады;

5. Олар табиғатынан бала секілді мақтанышты жақсы көретін жандар;

6. Жеке бастың тазалығына көңіл бөліңіз, ер адамдар ол жағынан өте сезімтал келеді. Хош иісті әтірді ұмытпаңыз;

7. Мойнынан сүйіп, аймалап қытықтасаңыз да болады. Ер адамдарға осы жағдай өте ұнайды. Және өздерін өте ғажайып күйде сезінеді;

8. Жақсы көретініңізді құлағына сыбырлап айтсаңыз да болады;

9. Ләззатқа бөлену дегеніміз, екі жанның сол құмарлықтан туындаған күйін бір-біріне сездіре білуі. Өз сүйгеніңмен ләззатқа бөлену нағыз бақыт, ешқашан да таусылмайтын қиял мен арман секілді. Сүйіңіз, жақсы көріңіз, құшақтаңыз, ләззатқа бөлеңіз, ол соған лайық жан;

10. Бас қосып, отау құрдыңыздар. Бұл - табиғаттың заңы, болмысы өзгермейтін ер мен әйелдің негізгі заңдылығы. Ләззатқа бөленудің негізгі ережесін, махаббаты сезе алған адамдар ғана біле алады.

Тағы оқыңыз:

Айсұлтан Назарбаев жарымен және жаңа туған қызымен қазір шетелде жүр

Ақтөбеде іздеуде жүрген лаңкестердің бірі қарт әжейді зорлаған

Қазақстанда салафизмге тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр

Ақтөбеде шабуыл жасағандар мешітке көптен бері бармаған

Отандық БАҚ Тасмағамбетовты "жоғалтып алды"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1156715-alghashqy-zhynystyq-qatynastaghy-erezhel/