Әр мұсылман отбасы білуі қажет міндеттер
Опубликовано:
Мұсылман отбасы мешітте некелесу арқылы құрылады. Ең бірінші, ерлі-зайыптылардың арасында өзара сүйіспеншілік болуы тиісті деп хабарлайды anabol.kz.
Ер адамның міндеттері:
1. Отбасының барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін еңбек етуге міндетті;
2. Алыс сапарға шығарда үй іші тарықпас үшін қажетті заттармен қаматамсыз етуге міндетті;
3. Отбасында діни және адамгершілік міндеттердің орындалуына ұйытқы болуға жауапты;
4. Әйеліне жұмсақ, мейірімді болуы, дөрекілік жасамауы, ренжітпеуі шарт;
5. Әйелінің намысын аяқ асты етпей, қадірін сақтауға міндетті. Аяғы келеңсіздікке апаратын істен сақтандырғаны жөн;
6. Сөзімен де ісімен де әйелінің жаратылысын, мінезін келемеждеуіне оған күш көрсетіп, қоқан-лоққы жасауына, туған-туыстарын балағаттап қорлауына, кемсітуіне рұқсат жоқ;
7. Бір жаққа кетерінде қайда баратынын әйеліне ескертуі тиіс.
Әйел адамның міндеттері:
1.Күйеуіне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарап, оған бағынуы, үй шаруасында, бала тәрбиесінде жұбайына көмектесуі қажет;
2. Үнемшіл болуы керек. Жұбайының тапқанын ысырап етей, үйге ие болуы тиіс;
3. Үйін,отбасын ойлап, оның намысын қорғауға міндетті;
4. Күйеуіне қарсы шықпайды, шайпау мінез көрсетпейді, бір жаққа шығарда күйеуінен рұқсат алады;
5. Басқа еркеке көз салмау;
6. Ерінің ықтиярынсыз оның мүліктерін, ақшасын, басқа да нәрселерін өзгелерге бере алмайды;
7. Ерінің тапқанын қанағат тұтады. Ерінен артық нәрселерді талап етпейді.
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың міндеттері:
1. Балаларды дені сау етіп өсіру, олардың тән-жан саулықтарын қорғау;
2. Балаларына арам нәрселерді жегізбеу;
3. Балаларына жақсы ат қою;
4. Балаларын жақсылап тәрбиелеп, оларға үлгі болу;
5. Балаларына діни және адамгершілік міндеттерді үйрету;
6. Балаларын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру;
7. Балаларды жақсы көріп, оларға қашан да көңіл бөлу;
8. Балаларын жақсы көре отырып, оларға сыйлық бергенде алаламау, тең көру және әділетті болу;
9. Ер жеткен балаларын үйелендіру.
Тағы да оқыңыздар:
Баян Есентаеваның ауруханадағы суретін таратып жіберген адам іздестіріліп жатыр
Баян Есентаеваның күйеуі кісі өлтіруге оқталды деп айыпталуда
Баян Есентаеваның сіңілсі қазақстандықтарға үндеу жолдады
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1158985-ar-musylman-otbasy-bilui-qazhet-mindet/