Қыздар жігіттерден қандай сөз естігісі келмейді?
Жарияланған күні:
Бұл өмірде сұлулардың көңілін, не қалайтынын табу жігіттер қауымы үшін түйінді мәселе десек қателеспейміз. Кино, клиптен көріп кейбір арулар жігітінің романтик болғанын қалап тұрса, енді бірде ондай серіден жалығып, тентек жігіттерге көңіл бөле бастайды деп жазады Массагет.
Бұзық жігіттер тобына қандай орта болса да бір мінезінен айнымай, мәдениеттен де, зеректіктен де ауылы алыс жатқан жандар кіреді. Бір сөзбен айтқанда, олар – істегеніне ешқашан өкінбейтіндер. Алайда, барлық жігіт сүйгені үшін неге болса да баратынын сұлулар жағы жақсы біледі. Ғашығын еркелетіп сөйлеймін деп кей азаматтар ара-қашықтықты алшақтатып алады. Бүгін сіздерге қыздарыңызға мынандай сөздерді айтпауға кеңес береміз.
1. Сіз өте жас көрінесіз.
Жігіт пен қыздың ойлау қабілеті екі түрлі екенін осыған дейін ғалымдар да талай рет айтқан. Сүйгеніңізге "сіз өте жас көрінесіз" деп, ұрыстың шетін шығарып алмаңыз. Сүйгеніңіздің сұлулығына тамсануыңыз оның ашу-ызасына тиуі ықтимал. Себебі бойжеткен сұлулар өзін ересек адамдарша ұстау үшін түрлі бояулар жағып, шын жасын айналасына білдірмеуге тырысады. Ал, мұндай сөздерді үлкен таныс қыздарыңызға айтсаңыз өз орынын табатыны рас. Сондықтан қандай адамға қандай сөз айту керектігін ой елегінен өткізгеніңіз жөн.
2. Сіз арықтап қалыпсыз.
Егер сіз сүйіктіңізге дәл осы сөзді айтатын болсаңыз, онда сіздің ғашығыңыз бұрын томпақ екені жасырын емес. Сіздің еркелетіп айтқан сөзіңіз қызыңызға оғаш көрінуі мүмкін. Ол өзінің кемшілігін білсе де, сырт көзге білдірмеуге тырысады. Сондықтан оның орынына "бұрынғы және қазіргі түріңіз де маған аса ұнайды" деген абзал.
3. Сіз өзге қыздардан ерекшесіз.
Мұндай сөзді естіген ару бірден сіздің қызқұмар болғаныңызды ойлайды. Кейбір сұлу тіпті мен соңғысы болып қалмауым да мүмкін деген тұжырымға келуі мүмкін. Сол себепті сұлуларға ерекшелігін білдіру үшін басқа көркем сөз қолданғаныңыз жөн.
4. Сіздің жасаған тағамыңыз анамдікімен бірдей екен.
Өмірде анадан артық асыл жан жоқ. Оның әрбір жасаған жақсылығы мейірімге толы екенін естен шығармауыңыз керек. Алайда, қыздар өзінің сүйіктілеріне ас әзірлеуге де барын салатыны ұмытпаңыз. Сізге жағу үшін құрбыларымен кеңесіп, ғаламторды ақтарып ең дәмді тағамдарды дайындауға тырысады. Сонымен қоса сіздің қандай асты жақсы көретініңізді де естен шығармайды. Өмірде анаңыз бен сүйіктіңіздің махаббатын салыстырмағаныңыз жөн. Жай ғана "мұндай тағамды бұрын соңды жеп көрмеппін" десеңіз жеткілкті.
5. Бұл бүгінгі айтқан сөздеріңіздің алды болды.
Қоғамдық жерлерден дәл осындай сөзді жігіттердің сүйіктілеріне айтып жататынын естіген шығарсыз. Мұндай жағдайлар көбіне азаматтың ойына түспей тұрған шешімді ғашығының бірінші айтып қойған кезде көп қолданылады. Сіздің тауып айтқан сөзіңіз аруыңызға басқаша әсер етуі мүмкін. Өзін ақылды адамдардың қатарына қосып жүрген сұлу қызға оғаш естілуі мүмкін. Сондықтан сұлуларға алдымен бірдеңе айтпас бұрын жақсылап ойланып алған дұрыс.
Тағы да оқыңыздар:
ШҚО-да күйеуі мен қайын атасынан қорлық көрген әйел 3 баласын дарға асып өлтірді
Данара Құлжанова: АҚШ-тағы гей-парадта өз елімнің туын абыроймен көтеріп шықтым
Жазғы каникулға шыққан депутаттар шетел асып, теңіз жағасында қыздырынбақ
Бас прокурор 6 адамды қағып, бір жігіттің өліміне себепкер болған Мақсат Үсеновті ақтап шықты
Америкалық жігіт өзінің iPhone-нына үйленіп, шіркеуде некесін қиды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1177391-qyzdar-zhigitterden-qanday-soz-estigi/