Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде телефон арқылы жыныстық қатынасқа түсетіндер көбейген

Опубликовано:

Мансабына берілген қазақстандықтар арасында телефон арқылы жыныстық қатынасқа түсу сәнге айналуда. Бұл туралы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Жыныстық қатынаспен айналысудан гөрі ол туралы сөйлесуді артық санайтындар скатофил, эмоанигфил, нарратофилдер мен телефоникофилдер секілді топтарға бөлінген. Өмірде жетістікке жету үшін жеке өмірін құрбан етіп, жалғыздықта жүргендер үшін бұл мәселенің ең ыңғайлы шешімі екен.

"Нарратофилия Қазақстанда бертін келе ғана пайда болған. Ол топқа жататындар төсек қатынасымен айналыспай-ақ, ол туралы әңгімелесу арқылы ләззатқа бөленеді. Бүгінде сол бағытты ұстанатындардың ішінде көзі ашық шығармашылық адамдары жетіп артылады. Осыдан 20 жыл бұрын секс туралы көпшілік алдында айтуға болмайтын. Ал бүгінде жағдай өзгерді. Алайда, бәрі де жыныстық қатынас туралы еркін әңгімелесе алмайды. Ұялшақ не қатаң тәрбиеде өскен адамдар үшін бұл тақырыпта әңгімелесу оңайға соқпайды. Сондықтан тек қызығушылық танытатындар арасында жеке клуб ашып, сөйлесуге құлшынысы жоқтарды тартпаған жөн", – дейді психолог Альбина Сәметова.

Нарратофилдер арасында көбіне ер азаматтар басым. Алайда әйелдер де бұдан құр алақан емес екен.

"Бүгінде жыныстық қатынас туралы бетпе-бет әңгімелескеннен гөрі телефонмен әңгімелескенді жөн санайтындар бар. Телефоникофилия – өмірде батыл әрекеттерге барудан қорқатын, шалғайдан қарым-қатынаста болуды қалайтындардың телефон арқылы "жыныстық қатынасқа түсуі". Бұлар скатофилдермен салыстырғанда әдептіліктің шегінен тым қатты аттамайды. Ал скатофилдер ойындағысын бүкпесіз тіке айта салады", - дейді маман.

Қазақстанда эмоанигфилия да өркендеп келеді. Бұл клиенттердің смс хабарлама арқылы төсек қатынасы тақырыбында сөйлесуі. Олар эротикалық тақырыптағы әңгімелер арқылы сезімге бөленеді.

Психологтың айтуынша бұлардың барлығы шынайы қатынасты толық алмастыра алмайды. Маман тек әңгімелесу арқылы емес, сүйіктіңізбен жақын қатынаста болған абзал деген кеңесін берді.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Тағы оқыңыздар:

"91" тобын көргісі келген фанаттар күзетшілермен төбелесіп қалды (фото)

Алматыда төрт мүгедекті жалғыз өзі асырап отырған жігіт көмекке зәру (фото)

Сапарбаев сексендегі әжейді алдамақ болған саудагерге жекіп тастады (фото)

Түркиядағы ұлын бір көруге зар болған ана жүкті әйелдерге үйде отыруға кеңес берді

Шымкент әкімі қызметтік көлігінен түбегейлі бас тартты (фото)

Бүгін әлемнің барша мұсылмандары Ораза айтты атап өтіп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1180409-mansabyna-berilgen-qazaqstandyqtar/

pixel