Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктіңіз сізге не себепті үйленбей жүр?

Опубликовано:

Сүйіктіңіз сізге не себепті үйленбей жүр? Ғашығыңыздан көптен күткен ұсынысты алуыңызға қандай ойлар кедергі келтіретінін білгіңіз келе ме? Олай болса, massaget.kz порталы ұсынған ескертпелерге көз жүгіртіңіз.

Екеуіңіз ұқсамайсыздар

Ол – ағылшын, сіз – қазақ. Ол – ақын, сіз – бас есепші. Ол – флегматик, сіз – сангвиник. Ол рок музыкаларын тыңдайды, ал – сіз классиксіз. Айтуға себеп көп. Өзіңіз айырмашықтарыңызды біліп тұрсаңыз, басты сұрақтың жауабын да біліп тұрсыз.

Артынша «Ата-анам, достарым не дер екен?» деген сұрақ дайын тұрады. Діл (менталитет), мінез, дәстүр деген үш тағанды негізге алып мәселені шешіп көріңіз. Бәрі өз қолыңызда.

Мен сұлу емеспін немесе мінезім оңып тұрған жоқ

Кей аналар қыздарының бет бақтырмай, өрлігін танытқанын көрсе, «Сені жар қылып біреу алар ма екен?» деп жатады. Әрине, бұл қызына деген сенімсіздіктен пайда болады, бәріне кінәлі – тәрбие. Бұл туралы кейін...

Бірақ, адам өз-өзімен жұмыс істей алуы керек қой. «Менің мұрным пұшық» деген сылтау оның сізге үйленбеуіңізге себеп болмайды. Ғашық адам көзсіз ғашық болады, ол оның кемшілігін махаббатқа деген «соқырлығынан» көрмейді.

Мінезге келер болсақ, мінезіңізді өзгерту өз қолыңызда. «Мен осындаймын» деп жүргендер біреудің бағын байлайды немесе жерде қалады. Мінезбен ойнамау керек.

Оның жанұясы мені қабылдамайды

«Өйткені мен – Найманмын» немесе «Ата-анасы батыстың қызын алма деген». Егер сүйгеніңіз «бар нәрсені бірге көреміз десе» қысылмаңыз. Сүйгеніңіз – жаныңызда. Тек оған үнемі қолдау беріп отырыңыз. Себебі, туыстары оған да шабуылдауы мүмкін.

Оны сыйлайтындығыңызды, араңыздағы ұлы сезімді көрсете біліңіз. Бастысы – сыйластық.  Беттен алып, жаға жыртыспасаңыздар да, «сөз» деген «жұдырықтан» абай болыңыз. Төзімділік пен сыйластық бәрін жеңеді.

Махаббат өмір сүрген жерде бейбітшілік орнайды: ұрыс-керіссіз, дау-дамайсыз. Ал ол суи бастаса, бірге болмауға түрлі себеп пайда болады.

Үй тірлігіне жоқпын

Бұл сылтау емес. Үйренемін деген адам тау да қопарады. Бұл жерде басқа да себеп бар. Мүмкін сіз үйренгіңіз келмейді, ал ол сол үшін сізден бас тартқысы келеді. Сонымен бәріне кінәлі сіздің қаламауыңыз. Әр еркек ас үйінде ханшайымының жүргенін қалайды. Ата-анасына шай құйып беріп, бабын табатын келін барлығына керек. Сүйгеніңіз үшін, махаббатыңыз үшін жұмыртқа да қуырып үйренгіңіз келмей ме?

Тым ақымақпын

«Оның IQ-і көп, ал мен жаңадан шыққан смартфонның моделін білмеймін». «Ол – данышпан, ал мен қарапайым хомо сапиенспін». «Ол шахматты керемет ойнайды, ал мен «крест және нөл» ойынын да ойнай алмаймын». Әркімнің өз артықшылығы бар. Ғашықтар бір-бірін толықтырып тұруы тиіс.

Мүмкін ол көлік жөндей алмайтын болар, мүмкін балға мен шегенің не үшін керек екенін білмейтін шығар. Ал ол істерді сізге әкеңіз өзімен бірге ала жүріп үйретті. Міне, өз артықшылығыңызды ұмытпаңыз. Оның білмейтінін сіз, сіздің білмейтініңізді ол үйретіп, бірге өсіңіздер.

Әлеуметтік орта

«Оның зәулім үйі бар, ал мен бір бөлмелі пәтерді жалдап тұрамын» немесе керісінше. «Бас екеу болмай, мал екеу болмайды». Әр адамның өз ырыс-берекесі бар. Екеуіңіз шын сүйіп тұрсаңыздар, сезімдеріңізге ешкім бөгет бола алмайды.

Ақша – қолдың кірі. Пендешілік деген ұғымның жетегінде жүрген адам осы кірдің ортасында қалады. Байлық, дәулет, ақша, алтын махаббаттың өлшемі болмайды. Осыны ескеріңіз.

Сонымен, қорыта айтсақ, махаббат – ұлы күш. Екі жүрекке әмірі жүретін билік – тек махаббатта ғана. Жоғарыда айтылған мысалдар өмірде жиі ұшырасады. Сезім суыса, осындай сылтаулар пайда болады. Егер махаббат берік болса, алып шықпайтын қамал болмайды.

Тағы да оқыңыздар:

Отандық боксшы президент күні туылған ұлына Қонаевтың есімін берді

Ернар Айдардың анасы болашақ келініне қандай талап қоятынын айтты

Алдағы үш тәулікте ауа температурасы айтарлықтай төмендейді

Ильинді масқаралаған Владимир Седовтың өзі допингпен ұсталды

Астанада өзін үш баласымен бірге жарып жіберемін деп қорқытқан Мейрамовтардың үйі сүрілді

Шымкент тұрғыны Қадір түнінде періштелерді өз көзімен көргенін айтты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1188759-suyiktinhiz-sizge-ne-sebepti-uylenbey/

pixel