Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүшеқап пайдаланғанның өзінде жүкті болып қалмау үшін маңызды кеңестер

Опубликовано:

Жүктіліктен қорғанудың ең әйгілі тәсілі – әрине, мүшеқап. Оны пайдалану  қарапайым, арзан және одан жанама әсер болмайды. Сондықтан, бұл  адамдар үшін өте ыңғайлы. Мүшеқап жүкті болудан әйелді 100 пайызға қорғай  ма? Одан  жүкті болу мүмкін бе? Бұл сұрақтарға mamaclub.kz сайты жауап беруге тырысты.

Бүгінде жүктіліктен қорғанудың түрлі тәсілдері бар. Ал мүшеқап арқылы қорғану - кеңінен тараған тәсіл. Ол тек жүктіліктен ғана емес, сізді түрлі жұқпалы аурулардан сақтайды. Тек оны ереже бойынша дұрыс қолданып, сапасына мән берген дұрыс.

Шындық па әлде аңыз ба?

Ғаламторда мүшеқап пайдаланса да жүкті болып қалған әйелдердің оқиғасы туралы оқуға болады. Өмірде де таныстарымыз бен құрбыларымыздан дәл осындай жағдайды естиміз. Шынымен де мүшеқаптан жүкті болуға бола ма, әлде бұл өтірік пе?

Негізінде контрацепция тәсілдері сізді 100 пайызға жүкті болудан сақтамайды. Мүшеқапты дұрыс қолданғанның өзінде жүкті болып қалуыңыз әбден мүмкін. Мұның себебі неде? Мүшеқап көлемсіз созылмалы зат. Ал тым керіп және оны үйкеген кезде мүшеқапта жіңішке жолақтар пайда болады. Дәл осы жолақтан қынапқа аталық ұрық еніп кетеді. Дұрыс қолданбаса немесе майлау жетіспесе мүшеқап жыртылады.

Мүшеқап пайдаланғанның өзінде жүкті болып қалмау үшін маңызды кеңестер

Көптеген жағдайда жұптар мүшеқапты дұрыс пайдаланбағандықтан жүктілік болады. Сондықтан, ережені бұзбаңыз және келесі әрекеттерге бармаңыз:

1. Мүшеқапты әмиянда немесе қалтада сақтау (ол жерде дымқыл және жылы ауа болады, бұл заттың сапасын бұзады);

2. Мүшеқаптың қабын тіспен немесе басқа өткір заттармен ашу (бұл материалға зиян);

3. Қолдану мерзімі өткен мүшеқапты пайдалану (мерзімі өткен зат қорғай алмайды);

4. Мүшеқапты дәл төсек қатынасы кезінде немесе одан кейін кию (қозған кезде бөлінген сұйықтықта аталық ұрық та болуы мүмкін, сондықтан жүктіліктен сақтану мүмкін емес);

5. Бір уақытта екі мүшеқап қолдану (бұдан қорғаныс күші артпайды, керісінше, төмендейді);

6. Қолданылған мүшеқапты қайтадан пайдалану (қолданылған зат ауру мен жүктіліктен сақтамайды);

7. Төсек қатынасынан кейін мүшеқапты шешпеу (эякуляциядан соң мүше кішірейіп, ал аталық ұрық мүшеқаптан ағып кетуі мүмкін);

8. Құрамында май мен түрлі қоспа бар жақпа майларды қолдану (мұндай заттар латекске зиян);

Мүшеқаптан жүкті болмау үшін не істеу керек?

Бұл сұрақ көптеген әйелдер мен еркектерді жиі мазалайды. Ол үшін мүшеқапты пайдаланбас бұрын қорабындағы қолдану мерзімін тексеріңіз. Кейбір өндірушілір мерзім туралы мүлдем ұмытқан. Мұндай мүшеқапты пайдаланудан бас тартыңыз. Алған кезде оның мерзімін бірден тексеруге кеңес береміз.

Ең дұрысы, мүшеқапты дәріханадан алыңыз. Ал егер мүшеқапты бұрын мүлде пайдаланбаған болсаңыз, онда ережесімен мұқият танысып алыңыз. Ол жерде қалай дұрыс киюге болатындығы да көрсетілген. Егер жұптар мүшеқаптың жыртылып кеткенін сезсе, онда еркек мүшесін қынаптан бірден суырып алсын.

Төсек қатынасын аяқтау үшін жаңа мүшеқап пайдаланыңыз. Егер жыныстық қатынас кезінде түрлі қалыптар қолданылса, онда әрқайсынан соң мүшеқапты ауыстырып отыру қажет. Көбінесе мүшеқап әйелдің қынабы құрғақ болудан жыртылады. Ол үшін оны төсек қатынасына дайындап, ұзақ аймалау қажет.

Төсек қатынасы кезінде құрамында тек суы ғана бар жақпа майлар пайдалануға болады. Осындай арнайы майды жаққан соң еркектің мүшесі қынапта еркін жылжып, мүшеқап құрғақ үйкелуден жыртылмайды.

Мүшеқап әлде қорғанудың басқа тәсілі тиімді ме?

Контрацепцияның түрлі жолдары бар: мүшеқап, диафрагма, жатыр қалпақшалары, ауыз контрацептивтері, жатыр спиралі, гормональдық инъекция, балауыздар, тағысын тағы. Мүшеқаптан жүкті болу мүмкін болғандықтан одан бас тартып, басқа түрлерін қолдануға бола ма?

Негізінде кез-келген қорғанудың тәсілі үмітті ақтамауы мүмкін. Егер мүшеқапты дұрыс пайдалансаңыз, ол тек жүктіліктен ғана емес, сізді түрлі жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулардан сақтайды. Сондықтан, одан мүлдем бас тартпаған жөн.

Артықшылығы

Мүшеқапқа қарсы көрсетілімдер жоқ. Ол жүкті болудың алдын алады әрі жыныстық қарым-қатынас арқылы берілетін түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды.

Мүшеқапты кез-келген жерден, кез-келген уақытта арзан бағаға алуға болады. Сонымен бірге қиялы ұшқырларға түрлі-түстісі, әртүрлі иісті, тіпті күлкілісі де бар.

Тағы оқыңыздар:

Ниццадағы терактіден 80-ге жуық адам қаза тапты (фото, видео)

Шымкенттіктер Ресей азаматын төрт жыл бойы құлдықта ұстаған

Астана әуежайында қарапайым халықпен бірге рейсін күтіп тұрған Исекешев жұртты таңырқатты (фото)

Беларусь пен Ресей шекарасында тұрған Қазақстанның жүзден астам жүргізушісі 10-шы тәулік аш отыр

Литва соты Әблязовтің балдызын Қазақстан мен Украинаға бермейтін болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1190320-musheqap-paydalanghannynh-ozinde-zhukti/

pixel