Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуіңіз сізді қалап тұрса да төсек қатынасынан бас тартқан дұрыс па? (+18)

Жарияланған күні:

человек в кровати, стопы крупным планом
Фото: UGC

Ерлі-зайыптылардың бірі төсек қатынасын қалап тұрса, екіншісі жоқ дейтін кездер болып тұрады. Бұл жағдайда күйеуіңізге жоқ деу қаншалықты дұрыс екенін mazhab.kz сайты анықтауға тырысты.

Күйеуіңізге жоқ деу түбінде талай опық жегізеді

Бүгінде бұл жағдайды қаншама жігіттеріміздің бөтен бір әйелге көз салып, онымен төсектес болып жатқанынан байқауға болмай ма? Шындығында, «Өзгенің қаңсығы, таңсық болыпты» деген тәмсіл тегін айтылмаса керек. Әрине, өзінікінен тоят таппаған соң, көзінің құртын өлтірмегеннен кейін, айрықша жұбаныш пен жылылық таппағандай болғандықтан, ең бастысы Алла Тағаланың алдында ауыр күнә жасап жасап жатқанын білді ме ол, сірә?!

Негізі, адамның нәпсісі оның соңғы демінің шығуымен тәмамдалады. Осы тұрғыдан келгенде, еріңіздің нәпсісі қай деңгейде екенін ойлай беріңіз. Ертедегі қазақ атаңыздың Қырықбай, Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай, Жүзбайлары қайдан шықты дейсіз сонда? Шын мәнінде, еркектің жыныстық қалауы біршама кештеу сөнетін шыраққа ұқсайды.

Әйелі қалауын орындағанымен, өзгеге көз сүзген ер адам хайуан атаулыдан да төмен

Ал әйел адамның қалауы жай толқынға ұқсайды. Еркек адамның нәпісісі асау толқын, сеңгір сел секілді. Сондықтан, біздің әйелдеріміз, қарындас-әпкелеріміз бен жеңгелеріміз осы жағын ойлануы ләзім. Ал енді әйеліңіз бола тұрып, ол сізге бағынса да одан жалығып, өзгеге көз сүзгеніңізді қоймасаңыз, хайуан атаулыдан да төменсіз.

Егерде өз күйеуіңізден безініп, еріңіздің қалауын қанағаттандырмасаңыз, онда періштелер лағынет айтатын болады. Оған дәлел, сүйікті Пайғамбарымыздың айтқан сөзі бар. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с): «Ері төсекке шақырған уақытта келуден бас тартқан әйелге періштелер таң атқанға дейін лағынет айтады», – деген.

Анығында, әйел кісі үзірлі (мәжбүрлі) жағдайы болмаса, күйеуінің шақыруынан бас тартпауы тиіс. Бұл әйел кісінің күйеуі алдындағы жұбайлық басты міндеті болып табылады.

Егер ері әйелін қажеті үшін шақырса, тандырда болса да келсін

Сондай-ақ, Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйел адам қандай тірлікпен айналысып жатса да, өзінің жары шақырғанда барып қалауын орындау керектігін айтып былай дейді: «Егер ері әйелін қажеті үшін шақырса, тандырда болса да келсін».

Басқа бір Әбу Заррдан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына:  «Сендердің әрбіріңнің жыныстық қатынастарың садақа», – деген. Сахабалар: «О, Алланың елшісі! Біздерден біріміз шақуат талабын қанағаттандырса, ол үшін онда сауап бар ма?» – деп сұрады.

Сонда Алла елшісі (с.а.с.): «Егер ол шақуатын харам жолға жұмсаса, оған күнә болады емес пе? Дәл сол сияқты егер ол шақуатын халал жолға жұмсаса, ол үшін сауап бар», – деген болатын.

Некеңіз барда төсек қатынасы харам болуы әсте мүмкін емес. Сондықтан төсек қатынасынан бірінші кезекте әйел адам тартынбауы, қысылмауы керек. Қай жасқа келсе де әрине. Қайта оның сауап екенін білу керек. Және ең бастысы сіз еріңізге, яғни күйеуіңізге жоқ демеңіз. Сонда ғана сіз күйеуіңіз разы болған әйел ретінде жұмақпен сүйіншіленесіз.

Тағы оқыңыздар:

Лилия Рахтың беделді де ауқатты достары

Қыздың пәктiгiне аса мән беріп, одан бас тарту қаншалықты дұрыс?

Атышулы сәнгер Лилия Рах 33 жастағы Өзбекстан азаматын ұрлады деп күдіктелуде

Дінтанушы: Еліміздегі сәләфилер жылт еткен ақын, әнші, спортшыны өз қатарына қосып алады

Әкімдер Олимпиада жүлдегерлеріне жарысып көлік сыйлап жатыр (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1231602-kuyeuinhiz-sizdi-qalasa-tosek-qatynas/