Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлі-зайыптылар дауы: Отбасының ортақ табысын кімнің ұстағаны дұрыс?

Жарияланған күні:

Әр үйдің сыры бөлек. Әр отбасының өзінің жазылмаған заңдары мен тек сол отбасыға ғана тән тәртібі болады. Осы орайда zamana.kz басылымы отбасының ортақ табысын кім ұстауы керектігін анықтауға тырысты.

«Еркек - үйдің егесі, әйел – үйдің шегесі» деп бекер айтылмаған. Отбасында кикілжің туындамай, ынтымағы артып, бірлік-берекесі мол болуы үшін отбасының ортақ табысын кім ұстағаны абзал? Ері ме, әлде әйелі ме?

Алтынай Оразбаева:

Күйеуім ақшаны әкеліп береді. Біз азық-түлігімізді сатып алып, алған қарыздарымызды қайтарып отырамыз. Әйел адам ақшаны үнемдеп жұмсайды ғой. Оның үстіне ер-азаматтар ертеден кешке дейін жұмыста болады. Жұмсау мәселесін ер адам шешкенімен, ұқсатып жұмсау әйел адамның еншісінде.

Сапарайым Кенжалиева:

Меніңше ақшаны біреу ұстайды деген бос сөз. Ақшаны ешкім қалтасына салып жүрмейді. Ақша – үйде, белгілі бір орында сақталып тұруы тиіс. Ерлі-зайыптылар өзіне керек кезінде бір-біріне ескертіп алуы тиіс.

Ал күнделікті шығындарды әйелдің өзі қадағалап, азық-түлікті өзі алғаны дұрыс деп есептеймін. Біздің үйде – демократия. Ұмытып кеткен затымды күйеуім әкеле салады, оған керек затты мен ала саламын. Яғни ақшаны біреу ұстайды, тек сол ғана жұмсайды деген нәрсе жоқ.

Гүлзат Холибекова:

Меніңше, ер-азамат пен әйел келісіп, үйде сақтағаны дұрыс. Біз солай жасаймыз. Түскен ақшаны ортаға тастаймыз. Содан соң ақылдасып отырып есептеп, керек -жараққа жұмсап, қалғанын үйге сақтап қоямыз.

Жанат Байсалбеков:

Ақшаны әйелім ұстайды, үйде төрт адам жұмыс істейміз. Әйелдер үнемдегіш келеді ғой, бірақ бұл әйелдің ғана шаруасына жұмсалады деген сөз емес! Қалтасында көк тиыны жоқ еркек еркек пе? Айлықтан басқа амалын тауып қосымша ақша табуға тырысамын. Жұмсау, жинау мәселесіне келгенде ақылдасып бірге шешеміз.

Еркеғали Бейсенов:

Мен келесі айлыққа дейін жұмсалатын «отбасылық қорды» қаттап-шоттап алып, ақшаны сол қағазбен қоса келіншегіме ұстата саламын. Сәл артылғаны «бұны жоқ деп есептейік!» деген жазуы бар сандықшаға жиналады. Ең тиімді әдіс – осы!

Фатима Жүнісова:

Ақшаны ақылды, ұқыпты адам ұстап басқарып отыруы керек. Бір отбасы бол­ған соң біреу көлге, біреу шөлге тартпай бірге ойласып отырса, ақшаны есеппен жұмсаса, ешкім де таршылық көрмейді.

Ақша ұстау да, оны орнымен жарату да - оңай шаруа емес. Ақылы бар адам ұстасын деуім сондықтан. Ақша ұстаған адам еркек болсын, әйел болсын отбасы мүшелерінің бар қажетін ескеріп отыруы керек.

Тағы оқыңыздар:

Қазақстандықтар Құрбан-айтта үш күн бойы демалады

Алматыда 20 жастағы британдық саяхатшыны аяусыз соққыға жығып, тонап кетті

Каримовтің қатты сырқат екені хабарланды

Исекешев балаларды қамауға қатысты полицейлерге қатаң ескерту жасады

Қазақстаннан кеткен америкалық азамат Шымкентті сағынып жүргенін айтады

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1234615-erli-zayyptylar-dauy-otbasynynh-ortaq/