Секс туралы жігіттер сенетін 6 өтірік
Жарияланған күні:
Жігіттер мен қыздар екі әлем. Біреуінің ойындағысын екіншісі ұғып, түсініп, біле алмайды. Arular.kz назарларыңызға секске байланысты жігіттер сенетін 6 өтірікті ұсынады.
"Қыздық «перде» — пәктік белгісі"
Жалпылай алғанда, 100 пайыз біреудің пәк не пәк еместігін анықтайтын медициналық тәсілдің жоқ екенін атап айту керек. Қыз бала "қыздық пердесін" мектепте дене шынықтыру кезінде де, сүрініп құлап та жарақаттап, бүолдіріп алуы мүмкін. Ал кей қыздарда ол туа бітті жоқ. Сонымен бірге, қыздар қыздық пердесін сақтау үшін жыныстық қатынастың басқа түріне бара алады. Сондықтан, пәктігін қыз тек өзі ғана біле алады және өзі үшін ғана сақтай алады.
"Әйелдер секс туралы еркектерден аз ойлайды"
Бұл да шындыққа жанаспайды. Әйелдер сексті еркектермен бірдей ойлайды. Оны анықтау үшін әйелге дұрыс сұрақтарды қою жеткілікті дейді ғалымдар.
Қоғам еркектерді секстен бөтен ештеңені ойламайтын хайуан етіп көрсетуге асығыстық танытқан сияқты. Еркек пен әйелдің ерекшеліктері олардың эротикалық тартымдылықты әртүрлі түсінуінде. Әйелдер секс туралы астарлап айтуға бейім. Ал еркектер төте айта салады.
«Төсек қатынасы әйелге ұнаса ол оны даусымен білдіреді»
Әйел кейде ұнағаннан айқайламайды. Ер адам оған ауыратындай қимылдар жасап жатуы да мүмкін ғой. Оған мүлде немқұрайлық танытуға болмайды. Ауырда десе, шынымен ауырды деген сөз. Одан астарлы мән іздеудің қажеті жоқ.
"Секс туралы кейбір тақырыптарды талқыламау керек"
Әйел адаммен секс туралы сөйлесу жыныстық қатынастың сапасына екеуара жақсарту үшін аса қажет. Бұл тақырыптан қымсынып, қысылмай ашық сөйлесіп, ойыңды нақты жеткізіп үйренген жөн. Әйелдердің көбі күйеуімен тап секс туралы ашық әңгіме бастауға, не қалайтынын айтуға ұялады. Еріне бірге болуды өзі ұсынуға да ұялатын әйелдер барын ұмытпаған жөн.
"Бір рет жігітпен жақындасқан қыз үнемі еркек қалап тұратын мақұлыққа айналады"
Әйелдер үнемі төсек қатынасын қаламақ түгілі, жыныстық қатынастың дәл ортасында ерін қаламай қалуы мүмкін. Бұл кезде ер адам ашуланбауы керек. Мұның да ешқандай асарлы мағынасы жоқ. Табиғаттың жаратқаны сондай. Некедегі әйелдің басында нешетүрлі жағдай болатынын білгоен дұрыс. Мәселене, гормондық тепе-теңдіктің бұзылуы. Шуаш, қолаңса, ауыздан шыққан жағымсыз иіс, әйел тәбетінің түбіне жетіп тынуы мүмкін. Одан бөлек, босанғаннан кейінгі «психоз», тұрмыстық бірыңғайлық. Ал шындық біреу - әйел жыныстық қатынасты үнемі қаламайды. Міндетті де емес. Оған оны жазғырудың қажеті жоқ.
"Қынап кеңдігі жыныстық қатынас жиілігіне байланысты"
Бұл да медициналық тұрғыдан қисынға келмейтін дерек. Бала туудан кейін де бұрыңғы қалпына келе алатын мүшеге қандай десе, дәрігерлер қынап деп жауап береді. Ал оның көлемі құлақтың үлкендігі сияқты әркімде туа біткеннен әртүрлі болады. Әрине, жас ұлғайған сайын немесе босану кезіндегі кейбір процесстерден қынап бұлшық еті босап, кеңеюі мүмкін. Қалай болғанда да, қынап жыныстық қатынас жиілігінен кеңімейді.
Тағы оқыңыздар:
Күйеулері тоқал алып кетпеу үшін қазақ келіншектері не істеу керек?
Танымал ресейлік әншінің сахнада әуретті жері көрініп қалды (видео)
Атақты Кейкі батырдың бас сүйегі Мәскеуден Қазақстанға әкелінді
Жанар Дұғалованы айнытпай салған Луина жұртты күлкіге қарық қылды (видео)
Йемендегі аш балалардың ұсқыны жұртты шошытты (фото)
Танымал қазақ боксшысы қалай қатардағы таксишіге айналды? (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1274532-seks-turaly-zhigitter-senetin-6-otirik/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.