Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төсекте шексіз рахат сезімге бөлену үшін не істеу керек?

Опубликовано:

Әйелдер көп ашуланып, ештеңеге көңілі толмай жүрсе, төсекте тояттай алмауы оған бір себеп болуы мүмкін деп жазады ikerim.kz порталы.

Оргазм дегеніміз -  шексіз рахаттану яғни, тоят алған сезіммен сипатталатын сексуалды қозудың соңы.

Бірақ, кейде әйелдер оның ең жоғары нүктесіне жете алмай қалады. Әсіресе, ұяң қазақ әйелінде бұл жиі болатын жағдай. Ондай кезде сізді жыныстық қатынас жалықтыра бастауы әбден мүмкін! Оның салдарынан серігіңізге қызықсыз болып қалуыңыз ғажап емес! Ендеше порталдың берген кеңестеріне құлақ түріңіз:

Тояттай алмауға не себеп?

Оған бірнеше себеп іздеп табуға болады. Мысалы, қыз балада бірінші төсек қатынасынан қалған қорқыныш, басқа нәрсені ойлап тұру, сүйіктісіне сенбеу, психологиялық комплекс сияқты түрлі жайттардың болуы.

Тояттау үшін не істеу керек?

Алдымен, әйел өмірінде бір рет болсын оргазмге жетті ме дегенді анықтау керек. (Кейде, әйелдер оргазмге тек, мастурбация арқылы қол жеткізуі мүмкін екен). Ондай жағдай болса, түзеу үшін біраз уақыт кетуі мүмкін. Негізінен, әйелдер өзінің төсектегі серіктесімен ашық сөйлесе білуі қажет-ақ. Содан кейін ғана, біріге отырып амалын қарастыруға болады. Мысалы, басқаша тәсілдерге көшу. Әйел өзіне жыныстық қатынастың қалай болғаны ұнайтынын, денесінің қай тұсы сезімтал екенін анықтап, әрі еріне оны айтудан жасқанбағаны абзал. Әрине, астарлап айтасыз!

Одан кейін, үй мен жұмыстың мәселелерін ойламай аз уақытқа болсын өзіңізді босатыңыз. Сүйіктіңізге сеніңіз!

Кей әйелдер өзін төмен бағалауының кесірінен де тояттауға қолы жетпейді. Олардың ойында «Мен ұсқынсызбын», «Менің бояуым кетіп қалмады ма?», «Менің мүсінім әдемі емес» деген сынды «сандырақтар» өріп жүреді.

Тағы оқыңыздар:

Жамбыл облысында 82 жастағы кейуана тірідей өртеніп кетті

Facebook-те аз «лайк» жинау адамдардың басты қасіретіне айналуда

Өскемендегі мейрамхананың тағамынан жұлдызқұрт табылды

Бүгін Самат Смақов Ұлттық құрамада соңғы рет өнер көрсетеді

Ақтауда жас жігіттердің дүкен тонап жатқаны камераға түсіп қалды (видео)

Қазақстанның бес облысында күн күрт суытып, үсік жүреді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1280301-ayelderdinh-tosekte-toyattay-almauyna/

pixel