Күйеуіңіз өзгенің құшағында кетпеу үшін не істеу керек?
Жарияланған күні:
Әрбір әйел өзінің күйеуі үшін дара, ерекше болуды қалайды. Сондықтан ikerim.kz порталы күйеуіңізге сүйікті болудың 7 тәсілін ұсынады.
1. Біз «Адам өзін сүйіп, қабылдай білу керек» деген фразаны көп естігенбіз. Бірақ оның түпкі мағынасына баратындар өте сирек. Әйелдер: «Мен өзімді жақсы көремін! Өйткені өзіме күтім жасаймын… Көйлек сатып алдым…» деп ойлайды. Дегенмен өзіңді сүю бұлардан тұрмайды. Біз өзіміздің мүсінімізді, эмоцияларымызды, сөйлеу мәнерімізді, даусымызды жақсы көруіміз керек екен. Қанша жасқа келсеңізде ішіңізде «кішкентай қыз» өмір сүріп жатыр деп ойлау қажет. «Менің жасым мыншаға келді. Осы жасымда күйеуімнен сыйлық сұрағаным ұятты» деген сынды ойлардан алыстаңыз. Өзің туралы жиі ойлану эгоизм болуы мүмкін, дегенмен де оның да бойыңызда болғаны артық етпейді.
2. Еркектер көзімен сүйеді және өздеріне көңіл бөлгенді қалайды. Күтілген тері, жұпар аңқыған иіс, жұмсақ шаш осының бәрі сіздің ер азаматыңыз үшін өте маңызды. Ең басты мәселе жолдасыңыз жұмыстан келгенде кездегі алғашқы 20 минутыңызды оған арнайы бөліңіз.
3. Интимді өмірге деген қызығушылығыңызды жойып алмаңыз. Әрқашан ізденіп, жаңарып отыру керек дегенді жиі айтамыз. Бірақ қалай жаңарамыз? Ешқашан өзіңізді құрбандыққа шалмау керек! Ата-ене, балалардың шаруасы деп түн ауғанша сыртта жүріп, ұйықтап қалған жарыңыздың жанына ыс сасыған киіммен жантая салуға болмайды. Үнемі өзіңізге уақыт тауып, тазаланып, сәнденіп жүріңіз. Әрі кетсе бір сағат ұйқыңыз аз болады. Сүйіктіңізге еркелеп, оны да аймалаудан еш қысылмаңыз. Себебі төсек екеуізге ғана ортақ аймақ. Ол жер тек сіздерге тәуелді. Интимді өмірді тек жыныстық қатынастан тұрмайтынын ескеріңіз. Бірге қызығатын дүниелерді көбейтіп, нәзік қолдарыңызбен массаж жасауды әдетке айналдырып алу қажет.
4. Кикілжіңді жылы жауып үйрену керек. Сіз ер азаматты бір саты жоғары қоясыз, сол үшін кішірейіп айтқанын орындайсыз. Бұл сыйластықтың белгісі. «Әйел еркелесе жеңеді» деген сөзді ұмытпаңыз. Көкбеттеніп тіресіп тұрғаннан пайда жоқ екенін ұққан абзал. Қандай жағдай болмасын ақылға салып ойланыңыз.
5. Күйеуіңіз үшін құпия болыңыз. Менің күйеуім екен деп барлығын алдына жая салмаңыз. Сырларыңызды сақтап, жұрттың әңгімесін оған айтпай үйреніңіз. Өзіңіздің қызығушылығыңыз болсын!
6. Шектен шыққан қызғаныштың қажеті жоқ. Данагөй келіншек болу үшін өзіңізді өзге әйелдермен салыстырмай үйреніңіз. Өзіңізге де, өзгелерге де әлемдегі ең әдемі жан сіз екеніңізді, сіз ғана мейірімді ана екеніңізді дәлелдей біліңіз. Жолдасыңыздың қызуғушылықтарын құрметтеп, көңілін көтере біліңіз. Сіз көңілді болсаңыз барлық отбасы мүшелері көңілді болмақ. Бұл жерде бірінші тармақты есіңізге алыңыз. Егер сіз өзіңіз үшін қызықты болмасаңыз, жарыңыз үшінде қызықсыз болып қаласыз. Кейде жаңа отау құрғандай еміреніп, еркелеп, ұялып тұру керек.
7. Күйеуіңізге өзін асыраушы ретінде сезінуге мүмкіндік беріңіз. Қандай жағдайда да соңғы шешімді соған қалдырыңыз. Тіпті, ол сіздің ықпалыңызбен қабылданған шешім болса да, соның таңдауы етіп көрсетуден қашпаңыз. Бір сөзбен айтқанда айлаңыз бен айналыңызды жаулай біліңіз. Актрисалық қабілет артық етпейді. Бірақ есте ұстаңыз! Оның барлығы да шынайы болсын. Егер берекелі отбасын құрғыңыз келсе өзіңізді тәрбиелеңіз!
Тағы оқыңыздар:
Балғынбек Имашев аруақтарға зиярат етіп, тұмар тағатындарды сынап тастады
Украинада енді орыс тілінде бірде-бір басылым шықпайтын болды
Ақылбек Жеменей кубалық әншіге "Қызыл өрікті" айтқызып қойды (видео)
Қазақстандықтар асыға күтіп отырған фильмді Назарбаев тамашалады
Шымкентте 44 жастағы әйел бесінші рет сотталып жатыр
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1304104-kuyeuinhiz-toqal-alyp-ketpeu-ushin-ne/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.