Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аяқтағы жағымсыз иіс неден пайда болады?

Опубликовано:

Аяқтағы жағымсыз иіс неден пайда болады? Алдын алу үшін не істеу керек? Иіспен күресетін қоспаларды үй жағдайында қалай жасаймыз? Осы сұрақтарға ikerim.kz порталы жауап береді.

Алдымен иістің пайда болу себебін анықтап көрейік

*Сапасыз аяқ киім. Нашар материалдан жасалған аяқ киім терлетіп, сөзсіз аяқты терлетеді. Әрине, бұл бактериалардың көбеюіне жағдай жасайды. Күні бойы аяқ тұншығып, ылғалдану салдарынан жағымсыз иістің туындайды. Сондықтан аяқ киім сатып аларда оның табиғи, сапалы материалдан жасалғанына көз жеткізіңіз.

*Синтетикалық шұлық, колготка. Ол жылудың тепе-теңдігіне кедергі жасайды. Табан және башпайлар арасы терлеп, иіс пайда бола бастайды.

*Гигиена сақталмауы. Бір шұлықты, бір аяқ киімді, ұлтарақты ұзақ пайдалану. Жиі тазалықтың болмауы. Әсіресе ұлтарақты үш айда бір рет ауыстырып отыру қажет.

*Белсенді физикалық қозғалыс. Спортпен шұғылданатын адамдар жиі терлейді. Көбіне жабық кроссовка, кеды киеді. Иістенудің алдын алатын құралдарсыз аяқты иістен сақтау қиынға соғады.

*Стресс, эндокринді аурулар, қант диабеті т.б. Дәрігерге көрініп, тершеңдіктің алдын алу қажет.

Аяқ киімге арналған сеппені үй жағдайында жасаңыз

Егер белгілі бір себептермен спрей, қоспалар пайдаланғыңыз келмесе, өз қолыңызбен жасауыңызға болады.

-4 қасық ас содасына дәл осы көлемдегі жүгері крахмалын қосамыз. Оған 8 тамшы эфир майын және лаванда қосып араластырамыз. Бұларды мұқият араластырып, түнде аяқ киімнің ішіне сеуіп қою қажет. Таңертең киерде ұнтақты сүртіп тастаңыз.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

ЭКСПО-ға байланысты Астанада оқу жылы кешірек басталуы мүмкін

БҰҰ бас хатшысы Шешенстандағы гейлерді қудалауды тоқтатуға шақырды

Астана әкімінің қаулысы бойынша иттер де емтихан тапсыратын болды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1491588-ayaqtaghy-zhaghymsyz-iis-neden-payda-bola/