Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның көзге шөп салуының себебі неде?

Опубликовано:

Әрбір әйелдің білгісі келетін бір сұрақ бар. Ол: «Ер адамдар неліктен сүйіктісінің көзіне шөп салады?» Ер адамдардың сатқындық жасауына бірнеше себептер әсер етуі мүмкін екен деп жазады Ikerim.kz. 

Көзге шөп салу кейбір еркектерде әдет сияқты…

Қызық естіледі, бірақ өзінің әйеліне немесе қызына сатқындық жасағысы келіп тұратын ер адамдар болады. Оны өзгертуге тырысқаныңызбен ештеңе шықпауы мүмкін. Бұл - ер адамның ағзасына тәуелді.

Ондай жігіттер кез келген жағдай да төсектес болудан тартынбайды. Кіммен, қайда болғаны маңызды емес еркектер болады. Олар бөтен қызға бірден көз салып отырады.

Бұндай типтегі жігіттермен қатынас орнататын кезде сақ болу керек. Әрі оның бұл «қырын» қарым-қатынастың алғашқы кезінде шешіп алған дұрыс.

Ер адамдардың кездейсоқ сатқындық жасауы…

Кейде ер адамдар сезімге беріліп өзінің сүйіктісіне сатқындық жасағанын білмей қалады. Қалайша олай болуы мүмкін дейсіз ғой?! Оп-оңай…

Кейде жігітіңіз тек достарымен көңіл көтеруге кетуі мүмкін. Ішімдікке тойып алған жігіт «есімде ештеңе жоқ» деп ақталады. Бір қызығы, бұл өмірде жиі болатын жағдай екен.

Көзге шөп салу арқылы бағасын өсіргісі келуі

Қарым-қатынас ұзаққа созылған кезде, ер адамдар сүйіктісінің махаббатына күмәнмен қарай бастайды екен. Оның қызғанышын ояту үшін шөп салып, басқаларға көз тастай бастайды. Өзінің бағасын өсіргісі келген еркектер бұдан кейін керісінше бағасы түсіп кететінін ұғынбайтын көрінеді.

Сұлу қызға деген құмарлық

Жігіт алғаш сезімін білдіріп жүрген кезде, кез келген қыз боянып, өзіне күтім жасап жүреді. Ал жігіт өзінің қолында екенін білген сәттен бастап ол өзіне қарауды доғарады екен.

Ал еркекте үй шаруасындағы әйелдің әдемі болғаны маңызды. Себебі олардың көшеде, метрода көрген сұлу қыздарға құмарлықтары оянып кетуі мүмкін. Бұл таныстық сүйіктісінің жүрегіне жара салуына себеп болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1492562-er-adamnynh-kozge-shop-saluynynh-sebebi-n/

pixel