Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады?
Жарияланған күні:
Көп балалы ана Құралай Ханым күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болатынын ikerim.kz сайтына айтып берді.
«Күйеуімді де және оның туыстарын да жек көремін. Балам үшін ғана шыдайтын сияқтымын. Қалай ара қатынасты жақсартуға болады?», - деп сауал тастаған келінге Құралай ханым жауап қатты.
«Жақсы көруді үйрену керек! Адамдардың жақсылығын көре білу қажет! Бiз қазiр жақсы көрудi ұмытқан адамдармыз… Үйленiп алып, әйелімiздi жақсы көргiмiз келмейді, басыма шығып алып, би билеп кетеді деп… Күйеуге шығып алып, күйеуімiздi жақсы көрмеймiз, құтырып кетiп, менi құл қылады деп… Бала туып алып, баламызды жақсы көре алмаймыз, еркелеп кетер деп… Туыстарды да жақсы көре алмаймыз, күле қарасаң ақша сұрайды деп… Көршіге жылы қабақ танытуға тағы қорқамыз, бірдеңе сұрап келер деп… Бастық болсақ, қол астымыздағыларды жақсы көре алмаймыз, дiрiлдетiп, қорқытып жұмысты iстетейiк деп… Жұмысшы болсақ, бастықты жек көреміз, жұмсай береді деп… Ал қарап отырсаң, жұрттың бәріне кішкене ғана жылулық пен махаббат керек!», - дейді Құралай ханым.
«Неге бiз махаббатқа сараңбыз? Бұл дүниеден өтiп кеткен адамды ғана сағынып, жақсы көрiп, аңсап, мақтап отырамыз. Сонда бiр-бiрiмiздi жақсы көру үшін, өлу керекпiз ба? Жақсы көрудi үйренейікшi... Шын жүрегіңмен, ешқандай жасандылықсыз сүйе білсең, тастамайды ешқандай күйеу, алдамайды ешқандай жiгiт! Әйеліңдi шын сүйiп, алқаныңда аяласаң, өз үйің өзіне жұмақ болады! Бақытты балалық шақ пен ата-анасының махаббатын көрiп өскен бала ешқашан алқаш болмайды! Кiшiрейiп, құрақ ұшып тұрсаң, енең жау болмайды! Ақкөңiлiңмен адал болсаң, ешқандай дос сатпайды!», - деп ойын түйді Құралай ханым.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
БҚО тұрғыны полицейден көрген қорлығын айтып берді
Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа ауыспайтын болды
Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеу басталды
Абаев: Әзірбайжан банкіне салынған зейнетақы қорындағы қаражатқа ешкім алаңдамасын
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1498867-kuyeui-men-tuystaryn-zhek-koretin-keli/