Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттің сізде сезімі бар екенін қалай білуге болады?

Опубликовано:

Жігіт өзінің сезімін ашық түрде білдіре алады. Бірақ ол қаншалықты шынайы екенін аңғару қиындау нәрсе. Қыз баласы үшін бұл басты мәселенің бірі. Себебі «ол мені шын сүйе ме» деген сұрақ тұрады деп жазады Massaget.kz.

Сонымен сүйгеніңіздің сізде көңілі бар екенін қалай білуге болады?

Көзіне қараңыз, бәрін көресіз.

Жігіттің көзі сізді шын жақсы көретінін әлде алдап жүргенінен хабар береді. Шын жақсы көрген жігіт сізге қараудан жалықпайды. Шаршамайды. Оның көзі бақытқа толы болады. Тіпті физикалық жақтан да оның көзінің қарашығы үлкейіп, сезімінен хабар береді.

Тыңдай білсе.

Егер жігітіңіз сізді тыңдай білсе, сіздің сырыңызға құлақ түре білсе онда ол сізді сүйеді. Ал өзі жайында айтып, сіздің әңгімелеріңізге қарсы шығып отырса, онда оған әлі ерте. Алданып қалмаңыз. Ең дұрысы сырласып әңгімеге шақырыңыз, бәрі анық көрінеді.

Тағы оқыңыздар: Головкин тікелей эфирде шашын қиып тастады (видео)

Жақсы сөздерді жиі айту.

Соның ішінде сезімін білдіретін ең сұлу сөздермен сізге күн сайын жауап береді. Сезімі мен көңілі бар жігіт сізге жақсы сөз айтудан қашпайды. Күніне түрлі сөз ойлап тауып, сіздің көңіліңізді тапқысы келеді.

Іс-әрекеті сөзіне сай.

Жігіт серт беріп немесе сөзбен сұлу өрнек өре білген екен, ол оған лайық болу керек. Яғни жақсы көрген адам үшін бәріне баратынын ісімен де дәлелдеу керек. Міне бұл нағыз жігітке тән мінез. Сөзі мен ісіне қарап, сіз жігіттің сізді қалай жақсы көретінін аңғара аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1592400-zhigittinh-sizde-sezimi-bar-ekenin-qala/

pixel