jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

Тырнақ әрлеуші қыз сәнденуге келген әйелдің онкологиялық ауруын байқап қалды

: UGC

Тырнақ әрлеуші шебер келушінің тырнағына қарап онкологиялық ауруын байқаған. Шебердің сөзіне сенбеген әйел дәрігерге барып арнайы тексеріледі, нәтижесінде оның айтқан сөздері рас болып шығыпты.

Жанна Скиннер келушінің тырнағындағы қара жолақтарды көріп, онкологиялық ауруы бар екенін анықтайды.

Тырнақ әрлеуші тұрақты клиентіне дәрігерге барып тексерілуге кеңес берген, - деп жазады Independent

Тағы оқыңыздар: Қанат Ислам: Өз жерімде жеңіске жетуге дайынмын

«Әйел маған келгенде тырнағындағы қара түсті дақтарды жасыру үшін жабық түсті лакпен бояуымды өтінді. Мен мәселенің себебін бірден түсіндім, бірақ келушіні шошытып алмас үшін, оған жай ғана дәрігерге барып қаралуға кеңес бердім», - дейді тырнақ әрлеу саласының шебері.

Аз уақыттан соң келуші шеберге қайта хабарласып өзінің рак ауруын анықтағанын айтқан. Әйелдің айтуынша, ол өзінің тырнағындағы дақтар жәй ғана ағзадағы калцийдің жетіспеушілігінен болған деп түсінгендіктен дәрігерге барудың қажеті жоқ деп ойлапты.

Анықтауымызша, қара түсті адамдардың тырнағында мұндай дақтар жиі кездеседі, ал ақ, сары түсті адамдарда мұндай тырнақтағы дақтардың болуы аурудың белгісі болып саналады.

Тырнақ әрлеуші қыз сәнденуге келген әйелдің онкологиялық ауруын байқап қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.