Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жігіттердің құлағына майдай жағатын 13 сөз

Опубликовано:

Еркектерге не керек екенін түсіну және оларды қанағаттандыру оңай. Оларға көп нәрсенің керегі де жоқ, тек жылы сөзіңізді дұрыс айта білсеңіз болғаны. Бірақ біз көп жағдайда өзіміздің сыртқы келбетімізбен әуре болып, оларға айтар сөзімізге мән бермейміз. Ал олардың барлығы әйелдерден мына сөздерді естігісі келеді екен деп жазады ikerim.kz.

«Сен сондай күштісің!»

Әрбір еркектің ішінде бір батыр отырғанын білетін боларсыз. Әрине ол өзінің сүйіктісін күші арқылы сүйсіндіргісі келеді. Оның батырлығын, ерлігін көп сөз етіңіз!

«Сен өзіңнің сымбатты екеніңді білесің бе?»

Бірінші бөлімнің жалғасы… Ер адамдар бізге «қызғанышпен» қарайды, себебі біз өзіміз туралы жағымды пікірді жиі естиміз. Әсіресе оның сыртқы келбеті туралы жақсы пікір білдіріңіз, бірақ астыртын түрде.

«Сенің қабілеттеріңе сүйсінемін!»

Бірақ сіздің комплименттеріңіз тек сырт келбетімен ғана шектелмеуі керек. Одан да тереңге бойлап, жақсы қасиеттерін айтып отырыңыз.

«Бұл жолы мен төлеймін!»

Әдетте жігіттер сүйіктісінің барлық қажеттісін өз мойнына алады. Сондықтан кейде бір бөлігін сіз төлесеңіз, оған да жағымды болады. Әрі сіз оны пайдаланып жүрмегеніңізді білдіресіз.

«Мен сені сүйемін!»

Бұл сөзді барлық адам естігісі келеді. Әркім үшін өзінің қалаулы, сүйікті екенін есту өте маңызды.

«Сен басқаларға ұқсамайсың!»

Басқа жігіттерді жамандап, олардың оңбаған екенін айтудың қажеті жоқ. Тек оның өзгеше екенін сезіндіріңіз!

Тағы оқыңыздар: Павлодарда 12 жасар баланың трамвайдың астына не үшін секіргені анықталды

«Сен менің қамқоршымсың, керемет әкесің!»

Еркек отбасын қамтамасыз ету үлкен жауапкершілік екенін сезіну керек. Сіз оның еңбегін бағалай біліңіз.

«Сенің жаныңда өзімді қауіпсіз сезінемін!»

Бұл жігіттер қауымына ұнайтын керемет сөздердің бірі. Егер ол сіздің қорғаушыңыз екенін сезінсе, күш алады.

«Мен сені сыйлаймын!»

Ерлер үшін әйелдің махаббатынан бұрын, сыйлауы өте маңызды. Бұны тек сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де дәлелдеуге тырысыңыз.

«Сенің достарың жақсы екен!»

Жігіт үшін сүйіктісінің достарымен де сыйласа алғаны маңызды.

«Кешірші…»

Өкінішке қарай, бұл сөзді біз өте сирек айтмыз. Десе де біздің кешірім сұрауымыз, олардың өз қателерін түсінуіне септігін тигізуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1626415-zhigitterdinh-qulaghyna-mayday-zhaghatyn-13/

pixel