Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады

Опубликовано:

шаш, әйел
Үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады: pixabay.com

Қымбат дәрілердің көмегінсіз шаштың түсуіне қалай тосқауыл қоюға болады? Ең қызығы, мұндай жағдайда үйдегі, қолда бар қарапайым заттардың көмегі көп тиеді екен. Ендеше бүгінгі материалда үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады деген сауалға жауап іздейтін боламыз.

Егер дүкен сөрелерінде самсап тұрған сусабын мен шипамай шашыңыздың түсуін тоқтата алмай жатса, онда үй жағдайында шашыңызды "құтқарып" көріңіз деп жазады baq.kz.

Біріншіден, денсаулығыңыз нашарлап, ағзаңыздың әлсірегенін сезсеңіз, көкөніс пен жеміс-жидек көп жеңіз, өйткені шаш ағзаға С, Е, F дәрумендерінің, темір мен амин қышқылдарының жетіспеуінен де түсуі мүмкін.

Екіншіден, қоршаған ортаға да мән беріңіз, шаш күнге күйеді, жел мен шаңды да «көреді». Сондықтан, шаш әлсіремес үшін аптап ыстықта бас киім киіп, шаштың ұшталған және күйген жерлерін қиғызып отыру қажет.

Үшіншіден, сусабынды таңдауда мұқият болыңыз. Олардың құрамында түрлі химиялық зат пен бояудың болатыны барлығына мәлім. Сусабындар мен басқа шашқа арналған жуғыш заттар сан алуан, оларды иісі, қоюлығы, түсі мен шаш түріне қарай таңдап алуға болады.

Дегенмен, тұрақты түрде бір затты пайдаланбай, оларды алмастырып отырған дұрыс. Және шашты күн сайын жуып, жиі бояған да зиян екен. Шашыңызға ақ түспесе, мүлде боямай-ақ қойыңыз, себебі мамандардың айтуынша, бояған сайын шаштың табиғи жылтыры кетіп, ол керісінше реңін жоғалта түседі.

Төртіншіден, шаштың күтімі дүкен сөрелеріндегі заттармен шектелмеуі керек. Түрлі пайдалы шөптер, атап айтсақ, түймедақ, жолжелкен, сәлбен, киікоты қайнатпаларымен шашыңызды шайып отырсаңыз, жарнамадағыдай жылтырап шыға келеді.

Сондай-ақ, шашқа, әсіресе оның түбіне жұмыртқаның сарысын, айран, түссіз қына, үпілмәлік пен ошаған майларын шаш жуған сайын кезектеп, жағып отырсаңыз, әсерін бірден байқайсыз. Шашыңыз аз түсіп қана қоймай, ерекше жылтырап, сау көрініп, жылдам өсетін болады.

Бесіншіден, шаш үлгісін жасағанда фенмен қатты кептіруге болмайды, әсіресе оны шаштың түбіне тым жақындатпаған дұрыс. Кептіргіш құралды жиі қолданған да зиян екен. Және де кеппей тұрып шашты қатты түйіп, тарамау керек.

Сонымен бірге үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады деген сауалға да жауап іздеп көрдік.

Майсана (кастор) майы

Кастор майы қатайтатын әсерге ие және зақымдалған шашты қалпына келтіреді. Майды маска түрінде пайдаланған абзал және оны шашқа 3-5 сағатқа жағу керек. Ол үшін кастор майын су ваннасында жылытып, шаштың түбінен бастап ұшына дейін жағып, басты сүлгімен орау керек. Ұсынылған курсты екі ай бойы аптасына бір реттен жасап отыру қажет.

Түйежапырақ

Түйежапырақ тамыры – ежелгі заманнан бастап шаштың түсуін тоқтату үшін қолданылған, тексерілген құрал болып табылады. Ол үшін, қолданбастан бұрын тұнба жасап, қайнатып алыңыз. Мысалы – 10-20 г түйежапырақ тамырын алып, оған бір стакан қайнаған су құйып, 15 минуттай қайнатып алыңыз. Дайын тұнбаны пайдаланбастан бұрын, оны жақсылап суытып алыңыз. Тұнбамен шашты шаюға немесе шаштың тамырларына маска сияқты жағып қоюға болады. Мұндай тұнбаны шамамен 1 ай пайдаланғаныңыз абзал.

Түйежапырақ
Түйежапырақ: pixabay.com

Қалақай

Қалақай шашты нығайтуға және жұмсақтық пен жылтырды қайтаруға көмектеседі. Өсімдікті балғын және құрғақ күйде пайдалануға болады. Екі жағдайда да қалақайдан тұнба дайындаймыз: ыстық су құйып, қайнатамыз және шамамен бір сағаттай тұндырып, суытамыз. Мұндай тұнбаны шашқа жағу үшін, бүріккіш пистолетті пайдаланған дұрыс.

Тұз

Тұз сияқты қарапайым және қол жетімді компонент тек асханада ғана емес, сонымен қатар шаш түсуге қарсы күресте де пайдалы болып табылады. Тұз бас терісіне жақсы әсер етеді: оны шаштың тамырына жағып, 15 минуттан бірнеше сағатқа дейін шашты жумай, маска сияқты ұстау керек. Бұл процесте бас терісін уқалау және қалыпты қан айналымын қалпына келтіру есебінен, шаштың өсуі де белсенді бола бастайды. Сондай-ақ, тұз қайызғақтан және басқа да тері проблемаларынан арылуға көмектеседі.

Емдеу процедурасы үшін қарапайым және йодталған тұзды пайдалануға болады. Тұзды неғұрлым жиі шашқа жақсаңыз, соғұрлым шаштың түсу проблемасынан құтыласыз.

Пияз

Пияз шырыны шаштың түсуіне қарсы ең тиімді құрал болып табылады: ол шашты түбірінен қоректендіріп, оның өсуіне көмектеседі. Шашыңызға пияз шырынын жағу үшін, 2-3 ас қасық шырын жеткілікті болып табылады. Ол үшін, оны алдымен шаштың түбіне жағып, басты сүлгімен орап тастау керек және осылай бірнеше сағат бойы жүру керек.

Егер сіздің шаштарыңыз қатты түсіп жатса, онда осы процесті күнделікті жасаған абзал. Ал егер шашыңыз жиі түспесе, онда халықтық ем құралын аптасына екі рет жасауғ кеңес беріледі.

Үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады
Үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады: pixabay.com

Сәбіз

Сәбіз шашты нығайтатын және олардың өсуіне оң әсер ететін дәрумендер мен құнды компоненттерге бай. Шашты сәбізбен емдеу үшін сәбіз шырынын таза түрінде немесе басқа емдік компоненттермен бірге қолдану керек.

Сәбіз маскасы дайындау үшін сәбіз шырынын, жұмыртқа, крахмал, бал және өсімдік майын араластырыңыз. Алынған косметикалық өнімді шашқа жағып, жарты сағатқа қалдырыңыз. Егер осы масканы үнемі қолданып отырсаңыз, шашыңыз қатайып, жылтырай түседі.

Жусан

Жусанды қалақай сияқты пайдалануға болады, бірақ бұл шөпті табу көп жағдайда қиынға соғады. Ол үшін, құрғақ немесе балғын шөпті майдалап, бас терісіне жағу керек. Егер сіз халықтық емді шамамен бір айдай қолдансаңыз, шаштың қалыңдағанын әрі күшті болғанын байқайсыз.

Қара бидай маскасы

50 г қара бидай ұнын немесе жұмсартылған қара бидай нанын алып, оған 100 мл қайнаған су құйып, қақпағын жауып, бірнеше минутқа қалдырыңыз. Сосын аздаған лимон шырынын, 100 мл зәйтүн майын және бірнеше грамм қыша ұнтағын қосыңыз. Масканы шашыңызға жағып, басыңызды арнайы қалпақпен және сүлгімен ораңыз. Жарты сағаттан кейін масканы жылы сумен шайып тастаңыз.

Ақжелкен (петрушка) компресі

Ол үшін ақжелкеннің тамырын кесіп, одан шырынын сығып, дәке таңғышына шырынды сіңдіріңіз. Компресті басымызға қойып, сүлгімен орап, бір сағат күтеміз, содан кейін компресті жуып тастаймыз.

Қылқан жапырақтылар тұнбасы

100 г жаңа қылқан жапыраққа бір литр қайнаған суға құйып, шамамен жарты сағаттай қайнату керек. Тұнбаны сүзіп, бас терісіне шамамен он бес минуттай сіңдіріп, жағамыз. Содан кейін басты сумен шаямыз. Мұндай тұнба шаштың түсуін тоқтатуға және оны әлдеқайда қалыңдатуға көмектеседі.

Үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады
Үй жағдайында шаштың түсуін қалай тоқтатуға болады: pixabay.com

Алоэ компресі

Дәрілік шөптің бірнеше жапырағынан шырынды сығып аламыз. Сосын оны дәкеге сіңдіреміз. Сөйтіп компресті жарты сағат ұстаймыз. Бастысы өсімдік шырыны көзге түсіп кетпесін. Ол үшін, компрестің үстінен целлофан қабығын киіп алыңыз.

Жұмыртқаның сарысынан жасалатын маска

Бірнеше тауық жұмыртқасын алып, ондағы ақуыз бен жұмыртқаның сарысын бөліп алыңыз. Жұмыртқаның сарысын жақсылап араластырып, бас терісіне жағыңыз. Жарты сағаттан кейін масканы шайып тастаңыз.

Назар аударыңыз! Материал тек танымдық сипатта ұсынылып отыр. Жоғарыда айтылған кеңестерді тек дәрігер рұқсатымен орындау қажет.

Автор: медицина ғылымдарының кандидаты Анна Ивановна Тихомирова

Рецензент: медицина ғылымдарының кандидаты, профессор Иван Георгиевич Максаков

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1655427-shashtynh-tusuin-qalay-toqtatugha-bolady/

pixel