Әлем елдерінде неше жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат беріледі?
Жарияланған күні:
Қазақстаннан өзге мемлекеттерде неше жастан бастап жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат берілетінін NUR.KZ порталы snatchnews.com сайтына сілтеме жасап назарға ұсынады.
Әр елдің өз заңы болатындықтан, жыныстық қатынас мәселесіне келгенде де бірталай айырмашылықтар анықталып жатады. Мәселен, Қазақстанда ер азаматтарға 18 жасынан, ал қыздарға ата-анасы рұқсат берген жағдайда 16 жасынан некеге тұруға рұқсат етілген. Ал Германияда 14 жастағы жеткіншектер ересек өмір бастап, жыныстық қатынасқа түсе алады.
Румыния елінің заңнамасы болса, 13 жастағы жеткіншектердің жыныстық қатынасқа түсуін еш әбестік санамайды. Ал Италия 13 жастағы жеткіншекке серіктесі құрдас немесе жас айырмашылығы аса үлкен емес болған жағдайда жыныстық қатынасқа түсуге рұқсат етілген.
Түркия елі жыныстық қатынасқа түсу жасын 18-ге дейін көтерсе, Ирландия 17 жасты ақылға қонымды деп тапқан. Ресей, Белоруссия Балтық елдерінде тек 16 жасыңнан жыныстық қатынасқа түсе аласың. Ал Эстонияда - 14 жас.
Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Тағы оқыңыздар:
Қазақстанда сүндетке отырғызу тегін болуы мүмкін
Қарағанды облысында шахтерлар жер астынан шықпай отырып алды
Ресей билігі Иманғали Тасмағамбетовті арнайы наградамен марапаттады
Шымкенттік келіншек зейнеткердің мыңдаған долларын автобуста ұрлап кетті
Метро пойызын айдап әкетпек болған тыр жалаңаш азамат жұртты әбігерге салды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1703456-ar-elde-neshe-zhastan-bastap-zhynystyq-qa/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.