Ғалымдар: Жалаңаш ұйықтау жиі төсек қатынасына түсуге әсер етеді
Опубликовано:
Америкалық ғалымдар түнде жалаңаш ұйықтаудың бірқатар жағымды тұстарын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы bigpicture.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

1. Жақсы ұйқы

Америкалық медицина академиясының ғалымдары түнде ұйқысы мазасыз жандарға жалаңаш ұйықтауға кеңес береді. Олар киімнің болмауы ұйқының тыныштығына жақсы әсер ететінін алға тартуда.
2. Жиі төсек қатынасына түсуге себеп

Доктор Дженнифер Ланданың сөзіне сенсек, жалаңаш ұйықтау төсек қатынасына құштарлықты көбейтеді. Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың жеке өмірі ләззатқа толы болып, төсек қатынасы жиілей түседі.
3. Окситоцин денсаулыққа пайдалы

Киімсіз ұйқы кезінде окситоцин гормонының үлесі көбейеді. Нәтижесінде күйзеліс азайып, қатерлі дерттің алдын алуға болады.
4. Жалаңаш ұйықтау әйелдерге пайдалы

Әйелдің әуретті жері жалаңаш ұйықтау кезінде кей бактериялардан тынығатыны анықталған. Нәтижесінде жыныстық органда кездесетін кей дерттердің басылуы әбден мүмкін.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1716733-galymdar-zalaas-jyktau-zii-tsek-katynasyna-tsuge-ser-etedi/