Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еркектер қандай әйелдерден қашуға тырысады?

Опубликовано:

Әрбір қоғам өзінше ережелер мен үлгілі адам бейнесін жасап алады. Соңғы уақытта адамдар арасында ер азаматтар тек ұзын бойлы, сымбатты бикелерді ұнатады деген түсінік қалыптасқан. Бұл пікірдің қаншалықты шындыққа жанасатынын segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Ер азаматтар көбінесе әйелдің мейірімді, әзілді жақсы айтатын болғанын қалайды екен. Сондай-ақ, нәзік жандылардың кей түрлері жігіттерге мүлдем ұнамайтын көрінеді.

1. Бастық әйел. Ерлерге өзінен тым ақылды, күшті, тәуелсіз әйелдер ұнамайды. Бұл типтегі нәзік жандылар қарым-қатынасты іскер отырыстарға айналдырып жіберетін көрінеді.

2. Орынсыз сүйіспеншілік. Бұл санаттағы әйелдер көрсеқызар келіп, болмашы нәрсені ұнатып қала береді. Ал салмақты дүниелерге келгенде ешқандай пікірі болмайды екен. Еркектер осындай қыздармен аз ғана уақыт өткен соң-ақ, ортақ әңгіме таппай айрылысып жатады.

3. Ер мінезді. Мұндай топтағы әйелдер кез-келген ер азаматтар ортасында өзін тым еркін ұстап, өзінің нәзіктілігін жоғалтып алады. Сондай-ақ, жігіттерге өзіне қарамай жүре беретін әйелдер де ұнамайды.

4. Материалдық талаптар. Кей әйелдер еркектің тек қалтасына қарай кездесіп, оларды берген қымбат сыйлықтарына қарай бағалайды. Мұндай талаптарды барлық адам бірдей орындай алмайды және көп ұзамай іш пыстыратын қарым-қатынасқа айналады.

5. Құлай сүю. Жігітін тым қатты қызғанып, оны түрлі әдістермен сынағысы келетін қыздар кейде сүіктісін тым ерте шешімдерімен шошытып алады. Ақылды еркектер мұндай әйелден қашып кетуге тырысады екен.

NUR.KZ сайтында қалай пікір қалдыру керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1718777-erkekter-kandaj-jelderden-kasuga-tyrysady/

pixel