Мамандар "сүтім шықпайды" деп уайымдайтын жас аналарға кеңес берді
Жарияланған күні:
Баланың жылай беруі, жайсызданып, мазасыз қалыпқа енуі, тағы басқаның барлығы да жас ата-аналар үшін уайымы көп сауалға барып негізделеді. Осы орайда, "сүтім шықпай қалды" деп уайымға салынатын аналарға арналған мамандар кеңесін ұсынамыз деп жазады Ernur.kz ақпараттық порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Әлбетте, соның бірі – омырау сүтінің жеткілікті болуы. Мұндай сәтте жас анаға ересектердің, тәжірибесі мол әжелеріміздің, сондай-ақ арнайы мамандардың кеңесі қажет-ақ.
Ең алдымен «нәрестеме сүтім жетпей жатыр» деген ойдан арылып, ерте бастан шешім қабылдамау керек. Бұл сауалға жас ананың өзі де жауап таба алады. Ол үшін мынадай белгілерге баса назар аудару қажет.
Сүттің мөлшері қалыпты екендігін мынадай белгілерінен байқауға болады:
- Сіз сәбиіңізді қалауы бойынша емізсеңіз
- Баланың жаялығын жиі ауыстырсаңыз
- Нәресте дұрыс өсіп келе жатса
Кей жағдайда расында да омырау сүтінің азаюы немесе жетіспеушілігі орын алады. Ғылыми тілде ол гипоголактия – яғни, «сүт мөлшерінің азаюы» деп аталады.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдайдың кейбірінде ғана оны қалпына келтіруге болмайды екен (мәселен, ананың бойында гормоналды дерт пайда болса...).
Сондықтан байбаламға жол бермегеніңіз дұрыс. Алдымен расында да сүт мөлшері азайған ба, жеткіліксіз бе, соны анықтап алуға тырысыңыз.
Омырау сүтінің жеткіліксіздігі мынадай жағдайлардан білінеді:
- нәрестенің жаялығын сирек ауыстыруға тура келсе;
- нәресте бұрынғысына қарағанда мазасыз, жиі оянып, емізген соң бірден ұйықтай қоймай жылай берсе;
- емізіп болған соң омырауды сығып көргенде одан мүлде сүт шықпаса;
- омыраудың жұмсақ бола бастауы, кішіреюі.
Мұндай жағдайлар байқалғанда бірден дәрігермен кеңесу қажет.
Омырау сүті азаймау үшін не істеу керек?
Омырау сүтінің азаюына немесе жеткіліксіз болуына әдетте ананың стресті жағдайда жүруі және дұрыс емізбеуі себеп болады. Жас ана шаршаған немесе дұрыс тамақтанбай жүрген болуы мүмкін.
Бастысы, уақытынан бұрын уайымға салынбай, сабырлы қалыпты сақтаған дұрыс.
Дәрігерлердің айтуынша, бірнеше күннің ішінде омырау сүтін қалпына келтіруге болады. Кейде азайып кеткен сүттің толық қайта қалпына келуіне екі апта уақыт кетеді екен. Сол уақыт ішінде нәрестеге қосымша тамақ беруге тура келеді.
Бірақ, есте сақтаңыз: Бүгінде шығарылып жатқан нәрестеге арналған қосымша тамақтар ана сүтін алмастыра алмайды және оның жасанды екендігін естен шығармағаныңыз абзал.
Тек дәрігердің нұсқаған қосымша тамағын ғана пайдаланыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1719915-mamandar-stim-sykpajdy-dep-uajymdajtyn-zas-analarga-kees-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.