Төсек қатынасында естен кетпес ләззат алу үшін не істеу керек?
Жарияланған күні:
Көктем келе сала адамдардың барлығы өмірінде, киімінде немесе түр-әлпетінде өзгеріс жасағысы келеді. Осы орайда Cosmopolitan сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы әр елде қолданылатын төсек қатынасындағы ең қажетті әдістерді назарға ұсынып, тартымдылықты арттыруға кеңес береді.
Франция: Жыныстық қатынасқа түскен кезде биік өкшелі аяқ киіміңізді шешпеңіз. Бұл сізді одан сайын тартымды етіп көрсетеді.
Бразилия: Серігіңізге естен кетпес түн сыйламас бұрын тәтті шоколад жеп немесе балмен шай ішіп алудың пайдасы орасан.
Ұлыбритания: Төсек қатынасын жақсарту үшін Кегель жаттығуларын әрдайым жасап, оны жыныстық қатынас кезінде де қолданыңыз.
Латын Америкасы: Төсектегі серігіңізге мұз бөлшектерімен массаж жасап беріңіз. Бұл оның сезімталдылығын арттырып, белсенділігін жоғарылатуға көмектеседі екен.
Қытай: Хош иісті майшамдарды жағып, бөлмеңізді романтикалық ұяшыққа айналдырыңыз. Бұл қарым-қатынастарыңызды жақындатып, сезімдеріңізді нығайтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1720160-tsek-katynasynda-esten-ketpes-lzzat-alu-sin-ne-isteu-kerek/