Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай жігіттердің жыныс мүшесі қысқа болатыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Ғалымдар түрлі мемлекеттердегі жүздеген зерттеулерді біріктіріп, аса ауқымды метаанализ өткізген болатын. Нәтижесінде, ксенофобияның ерлер жыныс мүшесі өлшеміне тікелей байланысы бар екені анықталды деп хабарлайды theins.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Ғалымдар зерттеу барысында анықтаған байланыс кері бағытта жүріп отырады. Яғни, неғұрлым шовинизм деңгейі жоғары болса, соғұрлым ерлер жыныс мүшесі қысқа болмақ.

Халықаралық метаанализ Кинси атындағы жыныстық қарым-қатынасты зерттейтін институт қабырғасында өткізілді. Үш жылға созылған зерттеу барысында ғалымдар 64 мемлекеттегі 347 зерттеулерді біріктірген.

Ауқымды анализ нәтижесінде ғалымдар аса қызықты жаңалықты ашты. Ксенофобия мен ерлер жыныс мүшелерінің өзара байланысы бар екені ғылыми тұрғыда дәлелденді.

Олардың айтуынша, жыныс мүшесінің өлшеміне тек стеродтық гормондар ғана емес, сондай-ақ окситоцин(сенімділік гормоны) мен вазопрессин(үрей гормоны) нейропептидтерінің балансы әсер етеді.

Мәселен, еуропалық ерлердің жыныс мүшесінің орташа өлшемі – 15 см болса, шовинситтік көзқарастағы еркектердікі шамамен 9 см құрайды.

Ең қысқа өлшемді жыныс мүшесі тоталитарлы идеология мен нәсілшілдікті ұстанған ерлерде болады екен. Олардың жыныс мүшесінің ұзындығы – 8 см. Ал мигранттарға қатысты жаман көзқарастағы адамдарда жыныс мүшесінің өлшемі 10-11 см шамасында болса керек.

Ең қызығы - дін жолындағы немесе керісінше діни жолға қатысы жоқтар жыныс мүшелерінің айырмашылығы аса үлкен емес екені белгілі болды. Ал дінге басымен кіріп кеткендер мен нағыз атеистер арасындағы айырмашылық кәдімгідей байқалса керек(14-тің 17см шаққандағы үлес саны атеистерде болған).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1724656-kandaj-zigitterdi-zynys-msesi-kyska-bolatyny-belgili-boldy/