Ғалымдар: Мүшеқап жыныстық қатынастан көбірек ләззат алуға көмектеседі
Жарияланған күні:
АҚШ ғалымдары мүшеқап пен жүткіліктен қорғанудың өзге құралдары жыныстық қатынастан көбірек ләззат алуға көмектеседі деген тоқтамға келді. Бұл туралы NUR.KZ порталы info.sibnet.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Джонс Хопкинс университетінің ғалымдары әлемнің 47 еліндегі 210 мың әйелден сауалнама жүргізіп, олардан соңғы төрт аптада қанша рет жыныстық қатынасқа түскенін және жүктіліктен қорғану құралдарына жүгінген-жүгінбегенін сұрайды.
Нәтижесінде мүшеқапқа жүгінген әйелдердің тоқсан пайызы жыныстық қатынасқа жиірек түсетіні анықталған.
"Контрацепция - жыныстық қатынас пен жүткілікті бөлетін құрал. Бұл жүкті болып қалу қорқынышынан арылтып, жыныстық қатынастан көбірек ләззат алуға көмектеседі", - дейді зерттеу авторы Сюзанн Белл.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1729089-galymdar-msekap-zynystyk-katynastan-kbirek-lzzat-aluga-kmektesedi/