Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адамның көңілін өзге жанға бөлетін бес негізгі себеп қандай?

Опубликовано:

Бір шаңырақ астында бірнеше жыл бірге тұрған жолдасы көзіне шөп салғанда, әйелдер қауымы оның себебін білмей дал болады. Осыған орай психолог мамандар ер азаматтарды басқамен кездесуге итермелейтін негізгі бес себепті анықтады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото Вконтакте желісінен
Көрнекі фото Вконтакте желісінен: UGC

Вконтакте желісінде жарияланған мәліметтерге сәйкес, ер адамның көңілі мына жағдайларға байланысты басқа жанға ауып кетеді:

1. Зерігу

Ер адамдар әдетте, жоғары эмоцияларды қажет етіп тұрады. Алайда олардың жұмысы болмаса, немесе ол өзін жалықтыратын болса, ішіндегі энергиясын шығаратын басқа жол іздейді. Осының алдын алу үшін әйелдер жарымен бірге спортпен шұғылданып, тауға шығып немесе парашюттан секіргені де жақсы көмектеседі. Өмірді осылай түрлендіріп отырған жағдайда ешкімнің зерікпейтіні анық.

2. Жыныстық тұрғыда қанағаттанбау

Кез-келген әйелдің күйеуі оған жыныстық қатынаста қанағаттанбайтынын ашып айта алмайды. Оның орнына әр ісіне тиісіп, сөздерін құлаққа ілмейді. Мұндай жағдайда онымен төсекке жатқанда тек әйелдік міндетім деп емес, барынша ләззат алу үшін жатырмын деп ойлау керек.

3. Жақсы көрмеу

Кейде ерлер белгілі бір себептермен өздері сүймейтін қызға үйленіп жатады. Мұндай жағдайда азаматтар әйеліне зауқы соқпай, көңілін табатын жанды шеттен іздейді.

4. Моральдік жабырқау

Отбасында әйел адам көшбасшылық рөлді қолына алып, күйеуі үнемі жабырқап жүрсе, онымен төсектес болғанда да осы рөлден ауыса алмай қалады. Нәтижесінде ер адам өзін сенімді сезіну үшін басқа серік іздеп кетеді.

5. Қызғаныш.

Әйелін өзге еркекпен жүреді деп ойлайтын азамат оған көзі анық жетпесе де, жауап ретінде өзі де біреумен кездесе бастайды. Осылайша кр адамдар өз ойында кек қайтарып жүреді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1734124-er-adamny-kilin-zge-zanga-bletin-bes-negizgi-sebep-kandaj/

pixel