Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзге шөп салуға анағұрлым бейім келетін мамандық иелері белгілі болды

Опубликовано:

Әлемдік көңілдестер сайты қай мамандық иелері сүйіктісінің көзіне шөп салуға бейім екенін анықтады. Мамандар жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде көңілдесі бар отбасылы жандардың көпшілігі медицина саласынан болып шыққан деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Ashley Madison сайты өзінің парақшасында көңілдестері бар отбасылы адамдардың қайда жұмыс істейтіні жайлы анонимді сауалнама жүргізген. Бұл зерттеудің нәтижесінде көзге жиі шөпсалатын мамандық иелерінің тізімі жасақталған.

Әйелдер арасында сырттай қарым-қатынас құратындардың көбі медицина саласында жұмыс істейтін ақ халатты абзал жандар болып шықты. Ал ашынаның "көмегіне" жиі жүгінетін ер-азаматтар көбінесе сауда-саттықпен айналысатыны анықталды.

Сауалнамаға қатысып, сүйіктілерінің көзіне кем дегенде бір мәрте шөп салған әйелдердің 23%-ы медицина саласының бикештері болып шықты. Зерттеудің авторлары медбикелер үнемі күйзелісті оқиғаларға тап болатындықтан, сыртта қарым-қатынас құруға әуес болатынын айтқан.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC
Ал ерлер арасында сауда-саттықта жүрген азаматтар көзге жиі шөп салу жөнінен көш бастаса, екінші орын IT саласындағыларға тиесілі болып шыққан. Сонымен бірге ашынасы бар еркектердің көбі жеке кәсіпкерлер екені анықталған.

Ең қызығы, әйелдер арасында екінші орынды мұғалім ханымдар иеленсе, үшінші болып тағы да сол жеке кәсіптегі арулар келеді.

Фото: segodnya.ua
Фото: segodnya.ua: UGC

Көзге шөп салуға жақын 10 мамандық:

Әйелдер

  1. Медицина қызметкерлері, әсіресе дәрігерлер мен медбикелер.
  2. Білім саласының мамандары, әсіресе мұғалімдер.
  3. Жеке кәсіпкер әйелдер.
  4. Қаржы саласындағылар.
  5. Қоғамдық қызметкерлер.
  6. Сауда-саттық пен қонақ-үй бизнесі.
  7. IT саласының мамандары.
  8. Маркетолог қыздар.
  9. Жалпы сауда саласындағы әйелдер.
  10. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері.

Ерлер

  1. Саудамен айналысатын ерлер
  2. IT саласының мамандары.
  3. Жеке кәсіпкерлер
  4. Сауда мен қонақ-үй бизнесін қатар алып жүретін ер адамдар.
  5. Қаржы қызметкерлері.
  6. Маркетологтар.
  7. Медицина қызметкерлері.
  8. Заңгерлер мен қорғаушылар.
  9. Білім саласы, әсіресе ұстаздар.
  10. Мәдениет және өнер саласындағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1734962-kzge-sp-saluga-anagrlym-bejim-keletin-mamandyk-ieleri-belgili-boldy/

pixel