Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатерлі дертке шалдыққан қыз маникюрге баратын аруларға өз ақылын айтты

Жарияланған күні:

Америкалық Каролина Джаско сұлулық салонына барғаннан кейін қалай тері рагына шалдыққанын айтып хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Karolina Jasko Facebook парақшасынан алынды
Фото: Karolina Jasko Facebook парақшасынан алынды: UGC

Бойжеткеннің сөзінше, оң қолының бас бармағында тігінен қара дақ пайда бола бастаған.

"Алғашында байқап, мән бермедім себебі тырнағымды үнемі бояп жүретінмін. Ал дәрігер болса жай ғана жарықтың әсері екенін айтты" , - дейді Джаско.

Джаско бұл құбылыстың бекер еместігін біліп, ақыры тырнақ рагына шалдыққанын түсінген. Рак жасушаларынан толық айығу үшін ару тіпті саусағын кестіруге мәжбүр болған.

Сөз соңында Джаско салонға барып, тырнақ боятқанды жақсы көретін қыздарға да өз ақылын айты.

"Үнемі маникюрдың көмегіне жүгінетіндерге айтарым сақ болыңыздар. Ультракүлгін сәулелі құрылғыларды пайдаланып, тырнаққа лакты қатырудың соңы зиян болмаса, пайда әкелмейді", - деген ол әйел қауымын бұл қауіптен сақтануды ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1737466-katerli-dertke-saldykkan-kyz-manikurge-baratyn-arularga-z-akylyn-ajtty/