Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Болашақ аналар жүктілік жайлы не білу керек?

Опубликовано:

Аяғы ауыр әйелдер үшін жүктілік кезі қызыққа толы уақыт. Алғаш рет ана болатын арулар көп жағдайда неің дұрыс, ненің бұрыс екенін дұрыс ажыратпай жатады. Соған орай, NUR.KZ порталы болашақ аналар үшін аса маңызды болар пайдалы кеңестермен бөліспек.

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Болашақ аналардың жүктілік кезінде не істеу керектігін үш триместрге бөліп қарастырдық. Бұл кезеңдердегі өзгерістер мен қажетті мағлұматтарды дәрігерлер айтып берді.

Жүктіліктің бірінші триместрі

Болашақ ана нені сезеді?

- әйел адамның ағзасы жүктілік гормонын барынша белсенді бөліп шығаруда;

- етеккір байқалмайды;

- тағамның дәмі мүлде басқаша әсер береді - тамақтың иісі не тәбетті қатты ашады, не бірден жүректі айнытады;

- әрдайым ұйықтай бергің келеді;

Баланың жағдайы:

- ұрықтың жынысы анықталды;

- орташа жылдамдықпен өсуде, минутына миллион жасушаға дейін;

- "эмбрионнан" "ұрыққа дейін өзгереді, 9 есе үлкейеді;

- пішінге ие болып, дене мүшелері жетіле бастайды;

- қозғала бастайды, ауызын ашып және тілін қозғалтады. Алайда, болашақ ана оны әлі сезбейді;

Не істеу керек?

- әйелдер кеңесіне тіркелу;

- дәрігер белгілеген барлық анализдерді тапсыру;

- бірінші триместр скринингін жасау, 11-12 апта кезінде істелінген УЗИ Даун синдромының бар-жоғын анықтай алады;

- жақсы гинеколог маманды іздестіру;

- бірқатар сұлулық процедураларын шегере тұру.

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Екінші триместр

Болашақ ана нені сезеді?

- баланың кимыл-қозғалысын сезеді;

- прогестеронның бөлініп шығуы тұрақталды, сол себепті токсикоз бәсеңдеп әйел адам өзін жақсы сезінде;

- жыныстық қатынасқа қарсы емес: гормоналды тұрғысынан да бәрі тұрақталды;

Баланың жағдайы:

- ұрық туылғанға дейін біршама салмақ жинауы тиіс;

- сырттағы дыбыстарды сезеді;

Не істеу керек?

- жұмыстағы шаруаларын аяқтау, 30 аптада әйел адам декреттік демалысқа кету керек;

- босану жеңіл өту үшін бірқатар жаттығулар жасау керек;

- дәрігермен варикоз бен ісіктерге қатысты сөйлесу. Арнайы іш киім киіп және арнайы жаттығулар істейтін уақыт келді;

Фото: bigmir.net
Фото: bigmir.net: UGC

Үшінші триместр

Болашақ ана нені сезеді?

-қозғалу мен еңкею өте қиынға түседі;

- белі бұрынғыдан бетер ауыра бастайды;

- көптеген аналардың күш-қуаты арта түседі, олардың ағзасы алдағы ұйқысыз түндерге дайын;

- әйел адам эмоциялардан шаршаған соң тезірек босанғысы келеді;

Баланың жағдайы:

- жатырдан тыс та демала алады. Жетіліп келе жатқан өкпе оған өздігінен тыныс алуға көмектеседі:

- нәрестенің миы қатпарлана түседі. Бұл дегеніміз сөйлесіп, бір-бірін түсінісетін уақыт жеткенін дәлелдейді;

- қол-аяғымен белсенді түрде қимылдайды;

- саусағын сорып, ықылық атады;

Не істеу керек?

- жүктілік сертификатын алу,

- алдын ала босанбаудың амалдарын қолдану, көп алаңдамау, ашуланбау, физикалық жыттығулар мен жыныстық қатынасты қоя тұру;

- босану процедураларына қатысу;

- перзентханаға апарар сөмкені жинақтау;

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1743652-bolasak-analar-zktilik-zajly-ne-bilu-kerek/

pixel