Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер атаулының зәре-құтын ұшыратын шаш үлгілерін білесіз бе?

Опубликовано:

Бүгінде сәнге айналып жүрген түрлі шаш үлгілері арулардың әсемдігін арттыра түсетіні өтірік емес. Алайда кейде шашыңызды сәндеймін деп жаныңыздағы азаматыңызды шошытып алуыңыз да мүмкін. Ендеше, lady.tochka.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ ер атаулының зәресін ұшыратын шаш үлгілерін назарларыңызға ұсынбақ.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Ер адамдарға африкалық өрімдер ұнамайды екен. Олардың бір бөлігі бұл тазалыққа қарсы және африкалық тайпаның жабайылығын көрсетеді деп есептесе, енді біреулері бұл шаш үлгісі тек жасөспірім қыздарға ғана жарасатынын айтқан.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

"Ұлдарға тән" шаш қию ер азаматтардың жүйкелерін ауыртады. Олар бұл шаш үлгісін егде әйелдерге жарасатынын айтқан. Жігіттердің басым бөлігі жас қыздардың нәзік көрінгені абзал деп есептейді.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Шаштың ұйпа-тұйпа болып тұруы да ер адамдардың ашуына тиеді. Жігіттер 2017 жылдың сәніне айналған бұл шаш үлгісі жиналықты емес, ұйқы мен жалқаулықты ғана көрсетеді деп есептейді.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Қыздар не себепті самай мен желкедегі шаштарын қырып алып тастайтынын ерлер қауымы әлі де түсіне алар емес. Олар бұл шаш үлгісі қыз балаға жараспайтынын айтудан да жалықпайды.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Қыздар өзгеруге әрдайым дайын. Бүгін қысқа шашпен, ертең ұзын шашпен жүрсе де таң қалуға болмайды. Дегенмен арулардың жасанды шаш жалғап алуы жігіттердің зәре-құтын қашыратын көрінеді. Олар қай нәрсенің болса да табиғи болғанын қалайтынын айтады.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Жігіт атаулы қыздардың шаштары түрлі-түсті болғанын да қаламайтын көрінеді. Олар қыздарды табиғи шашпен көріп үйренгендіктен, бұл сәнге үйрене алмайтынын айтады.

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Фото: Instagram
Фото: Instagram: UGC

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1744835-er-ataulyny-zre-ktyn-syratyn-sas-lgilerin-bilesiz-be/

pixel