Қанша уақыт жыныстық қатынассыз жүруге болатыны анықталды
Жарияланған күні:
Сексолог мамандар ер азаматтар мен нәзік жандылардың төсек қатынасынсыз қанша уақыт жүре алатынын анықтады. Бұл туралы NUR.KZ порталы rus.jauns.lv сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, ер адамдар үш апта бойы жыныстық қатынастың жоқтығына шыдай алады екен. Ал әйелдер одан да шыдамдырақ болып шықты. Нәзік жандылар екі ай бойы төсек қатынасынсыз жүре алады екен.
Ғалымдар бұл тек болжамды тұжырым екенін алға тартты. Олар әр адамның ағзасы әр қалай болатындықтан, кей адамдар екі айдан да ұзақ уақыт жыныстық қатынасты қажет етпеуі мүмкін екенін айтуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1750608-kansa-uakyt-zynystyk-katynassyz-zruge-bolatyny-anyktaldy/