jitsu gif branding logo appbranding logo app

Күйеуіңіздің қорылын қалай басуға болады?

: UGC

Қорылдау адамның өз ұйқысын ғана емес, бірге тұратын жақындарының барлығына теріс әсер етеді. Әлем халқының 45 пайызы ұйықтағанда қорылға бастанын дәлелдеген ғалымдар одан құтылудың жеті тәсілін айтып берді. Бұл туралы rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: rambler.ru
Көрнекі фото: rambler.ru: UGC

1. Қорылдау ағзадағы бір ауру салдарынан еместігіне көз жеткізіңіз.

Ұйықтап жатқанда тыныс жолдарының тарылуыган қан құрамында оттегі мөлшері азаяды. Салдарынан қан қысымы көтеріліп, диабет, күйзелістік жағдай мен жүрек ауруларына алып келуі мүмкін. Сондықтан дәрігер көмегіне тез арада жүгіну керек.

2. Тыныс жолдарын кеңейтетін құрылғыны пайдаланыңыз. Заманауи құралдар мұрын жолдарын кеңейтіп, жеңіл демалуға көмектеседі. Оны көптеген дәріханалардан табуға болады, дегенмен дәрігерден кеңес алғаныңыз артық болмайды.

3. Қорылдауға қарсы мүштік. Тіссауытқа ұқсайтын бұл құрылғы жақ пен тілдің дұрыс орналасуын қамтамасыз етеді. Ол да тыныс жолдарын кеңейтетін құрылғымен бірдей қызмет атқарады.

4. Дене қалыбын өзгерту. Арқамен жатып ұйықтағанда қорылдау одан сайын күшейіп кетеді. Сол үшін өзіңіздің арнайы жастықтармен қоршап, бір қырыңызбен жатуға әдеттенген жөн. Немесе түнгі киіміңіздің арқасына қалта тігіп, онда қаттылау зат салып қойсаңыз да болады.

5. Ұйықтар алдында алкогольдік ішімдіктен бас тарту. Спирттік ішімдік те қорлыдауды күшейтетін факторлардың бірі. Сондықтан оны кешкі уақытта қабылдамаған жөн.

6. Мұрынға арналған тамшылар немесе спрей. Көбінесе адам мұрны бітеліп қалғандықтан қорылдайды екен. Сол үшін әсіресе, аллергиялық аурудан қиындық көріп жүргенер жатар алдында арнайы тамшыларды қолданғаны дұрыс.

7. Хирургиялық ота. Бұл қорылдауды тоқтатудың басқа тәсілдері нәтижесіз болғанда қолданатын ең соңғы жол. Онда кішкене тіл мен жанындағы тіндер кесіледі. Кеңсірік қисайған жағдайда да ота жасаып, оны түзетуге тура келеді.

Күйеуіңіздің қорылын қалай басуға болады?

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.