Қазақтар құда түсетін қыздың құлағына неге тек алтын сырға таққан?
Жарияланған күні:
Құда түсіп барған жігіттің ата-анасы болашақ келіннің құлағына неліктен тек алтын сырға таққан? Қазіргі уақытта айттырып барып, арудың құлағына түрлі сырға (алтын, гауһар, жақұт, күміс) салу дұрыс па? Көпшіліктің орындап жүрген "сырға салуы" мен бұрынғы дәстүрдің айырмашылықтары жайлы Sputnik Қазақстан жазды.
Ертеде ең алдымен, қыздың үйіне жігіттің ең жақын төрт-бес туысы келіп, қалыңдықты алып кететін күнді белгілейтін болған.
Ал қыздың ата-анасы мал сойып, құдаларды дастарқан жайып қарсы алады.
Құда түсетін қыздың құлағына тек алтын сырға тағылған. Мұның себебі, қазақ халқы қыз баланы "алтынға" балағанымен түсіндіріледі.
Айта кетейік, қыздың жеңгелері құдаларға қалыңдықты көрсетіп, көрімдік те алған. Осы кезде жігіттің жеңгелері "құлағың жамандықты естімесін" деп қыздың құлағына алтын сырға тағып, бетінен сүйеді.
Сондай-ақ, жігіт жағы қыздың әке-шешесіне, туған-туыстарына әкелген арнайы сыйлығын береді.
Бұл салт-дәстүр қазіргі таңда да орындалып келеді. Алайда уақыт өте адамдар салтты өзіне икемдеп, өзгерткен.
Бұрындары "сырға салу" дәстүрі қызды алып кетуден біраз уақыт бұрын орындалса, бүгінде құдалықтан бірнеше сағат бұрын орындалады.
Сонымен қатар бұрын қыздың құлағына тек алтын сырға тағылса, бүгінде әркім өзінің шамасына қарай (алтын, күміс, гауһар, жақұт) сырға тағады. Тіпті ел арасында мұны ескіліктің қалдығына теңеп, сырға тақпайтындар да кездеседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1774856-kazaktar-kda-tsetin-kyzdy-klagyna-nege-tek-altyn-syrga-takkan/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.