Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас жұбайлардың алғашқы неке түні қалай өту керек?

Опубликовано:

Алғашқы неке түні жайлы сұрақ кез-келген тұрмысқа шығатын бойжеткенді алаңдатпай қоймайтыны анық. Анасы мен жеңгесінен сұрауға ұялып, құрбысының айтуымен бойын қорқыныш билеген арулар әртүрлі алып-қашпа әңгімелерге сеніп жүреді. Сонымен, алғашқы неке түніне қандай дайындық жасау керек? Бұл жайында NUR.KZ баяндайды.

Фото:aikarakoz.kz
Фото:aikarakoz.kz: Instagram

Бойжеткендер ең алдымен тұрмысқа шығар алдында гинеколог маманмен ақылдасқаны дұрыс.

Себебі алғашқы неке түніндегі оқиға оның алдағы өміріне айтарлықтай әсерін тигізеді.

Егер алғашқы түні бойжеткен ауырсынуды сезінсе немесе жігіті қинаса ол алдағы өмірде төсектен суып кетуі мүмкін.

Алайда мұның барлығы жігіттің төсектегі ептілігіне байланысты.

Сол үшін жігіттер сүйіктісіне жылы сөздер айтып, аймалап сүйіп, өз сезімін жеткізе білуі керек. Онсыз да қорқып отырған қызбен өте нәзік болуға тырысқан дұрыс. 

Сондай-ақ, алғашқы түнге дайындық ең алдымен тазалықтан басталады.

Қазақтың салтында жастарды алғашқы неке түніне төсекті жігіттің жеңгелері дайындап, қыздың астына "неке жаулық" деп аталатын жайма төсеп, жан-жақты түсіндіріп, бағыт- бағдар береді.

Айта кететіні, алғашқы неке түні қыз балаға бірден керемет сезім сыйламайды. Себебі, қыз алғаш төсек қатынасына барғандықтан, ауырлық сезініп, қысылып, өзін еркін ұстай алмайды. Сондықтан бірден "рахатқа батамын" деп ойлау - қате ұғым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1778338-zas-zbajlardy-algasky-neke-tni-kalaj-tu-kerek/

pixel