Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өркөкірек жігітін ата-анасына таныстыруға ұялатын бойжеткен мұңын шақты

Опубликовано:

Бейтаныс қыз syrlasu.kz-ке шеше алмай жүрген мәселесін айтып, хат жолдаған. Онда ару болашақ күйеуінің өр көкіректегі мазалап жүргенін жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: sunmag.me
Көрнекі фото: sunmag.me: Facebook

Оның айтуынша, жігітімен кездесіп жүргеніне бірнеше жыл болған.

Ару болашақ күйеуінің білімді екенін алға тартты.

Жігітінің осы қасиетін қатты бағалап, болашақта отбасын асырай алатын азамат ретінде ғашық болғанын жеткізген.

Бейтаныс қыздың сөзінше, соңғы кездері ғана жігітінің тәкәппар екендігін аңғарыпты.

"Шынымды айтсам, ата-анаммен таныстыруға ұяламын. Жігітімді үйдегілермен таныстырар уақытты барынша созып жүрдім. Себебі ол өзін ата-анамнан жоғары ұстайтын секілді.
Оны көрген достарымның өзі "жігітің өзінше ғой" деп ұнатпай қалады. Оның үстіне құрбыларым: "жігітің сені ертең бізбен араластырмай қояды. Біз тұрмақ, ата-анаңа да жақындатпайтын сияқты ғой мына түрімен" деп те осып жіберді", - дейді ол.

Арудың айтуынша, осы мінезінен шаршап, бірнеше рет айрылысуға бел буған. Бірақ жігіті "қатемді түсінемін, өзгеруге тырысамын" деп райынан қайтарыпты.

"Үйленгеннен кейін мінезін өзгертемін деп те айтпаймын. Себебі, адам өзі қаламаса оны өзгерті мүмкін емес.

Жігітім ертең менің ата-анамды сыйламай, мені отбасыммен араластырғызбай қоя ма деп уайымдаймын. Осы сауал жаныма маза берер емес", - деп сөзін қорытындылады бейтаныс қыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1779549-rkkirek-zigitin-ata-anasyna-tanystyruga-alatyn-bojzetken-myn-sakty/

pixel