Жігіттердің зәре-құтын қашыратын шаш үлгілерін білесіз бе? (фото)
Опубликовано:
Жігіттер күнделікті өмірде имиджіңіздің қалай өзгергенін байқамаған болуы мүмкін. Алайда, оларға шаш үлгіңіздің қандай екеніне бей-жай қарамайды. Ендеше, ер-азаматтарға қандай шаш үлгісі ұнамайтыны туралы news.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.
![Фото: WMJ.RU/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ Фото: WMJ.RU/ Коллаж: KAZ.NUR.KZ](https://cdn.nur.kz/images/1120/9ad44f2ea26929fa.jpeg)
Пикси
![Фото: WMJ.RU Фото: WMJ.RU](https://cdn.nur.kz/images/1120/8e2c8c14bcb147ed.jpeg)
Жігіттердің көп бөлігіне пикси үлгісін қолданатын қыздар ұнай қоймасы анық. Өйткені, бұйра шашыңызды нәзік сипағысы келген азаматтарға қысқа шаш мүлде жақпай қалуы мүмкін.
Шашты төбеге байлау
![Фото: WMJ.RU Фото: WMJ.RU](https://cdn.nur.kz/images/1120/30d1bf2f533de907.jpeg)
Әрине, бұл шаш үлгісінде көңілден шықпайтын ештеңе жоқ сияқты көрінеді. Дегенмен бұл үлгіде агрессия өте көп байқалады екен. Одан бөлек, төбеге байлау тек шаштараз маманының көмегімен ғана әдемі көрінеді.
Афробұйралау
![Фото: WMJ.RU Фото: WMJ.RU](https://cdn.nur.kz/images/1120/f6f74851dd5c06ea.jpeg)
Жігіттер бұйра шашқа қарсы емес. Дегенмен, олар 90-жылдардың бейнесін көрсететін афробұйралауды мүлдем түсінбейтін сыңайлы.
Жартылай жиналған шаштар
![Фото: WMJ.RU Фото: WMJ.RU](https://cdn.nur.kz/images/1120/05e4e328701dd210.jpeg)
Шашты жартылай жинау жігіттердің қызығушылығын мүлде қызықтырмайды. Олар бұл шаш үлгісін тек үй жинау мен тамақ істегенде ғана жасау қажет деп есептейді.
Жасанды өсірілген шаштар
![Фото: WMJ.RU Фото: WMJ.RU](https://cdn.nur.kz/images/1120/f522228c23cf6483.jpeg)
Жігіттерге қалың және ұзын шаштар ұнағанымен, жасанды өсірілген шашқа шыдай алмайды. Олар үшін жасанды шаш болғаннан гөрі қысқа шашпен жүре берген дұрыс.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1781487-zigitterdi-zre-ktyn-kasyratyn-sas-lgilerin-bilesiz-be-foto/