Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Баланы қалай тез жұбатуға болады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Баланың ана құрсағында жатқан мерзімі бірінші, екінші, үшінші триместрге бөлінетін болса, оның өмірге келгеннен кейінгі үш айы төртінші триместр болып есептеледі. Осы кезеңде балаға құрсақта жатқандай жағдай жасалса, ол өзін барынша жайлы сезінеді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Massaget басылымына сілтеме жасап қандай әдістер арқылы баланы жұбатуға болатынын жазады.

Бірінші әдіс

Тербеу, шайқау. Ол ана құрсағында үнемі тербелісте болады. Сондықтан өмірге келгеннен кейін де бесікке бөлеп, аяққа жастық қойып, баланы жатқызып шайқасаңыз немесе жай ғана қолға көтеріп, тербелтсеңіз, ол бірден тынышталады.

Екінші әдіс

Жөргекке орау. Кейбіреулер баланы орасақ жылайды, демек оған бос жатқан ұнайды деп ойлайды. Бұл теріс пікір. Құрсақта қандай тығыздықта, тар жерде жататын болса, өмірге келгеннен кейін де сондай тығыз оралып жатса, өзін жайлы сезінеді. Мұны орап болғанша жылап, жөргегін мықтап орағаннан кейін тынышталғанынан байқауға болады.

Үшінші әдіс

Шуыл. Бала тоғыз ай бойы құрсақта бір дыбысты естіп жатады. Бұл – шуыл. Судың дыбысы секілді немесе теледидар экранына ақ жолақтар шығып, арна істен ажыраған кезде естілетін дыбысты еске түсіріңіз. Болмаса қарапайым ультрадыбыстық зерттеу орталығына барғанда аппараттан естілетін дыбыс. Міне, ыш-ш-ш-ш деп осы дыбысты баланың құлағына жақындап шығарсаңыз, ол бірден жұбанады. Бұл орысша "белый шум" деп аталады.

Төртінші әдіс

Уіл. Бала анасының ыңылдап әндеткенін естіп жаны жай табады. Қазақ аналары ертеден асқан даналықпен баланы бесік жырын айтып ұйықтатқан. Міне, осы әдіс те өте жақсы көмектеседі. Оның сөзіне, мағынасына қарағанда, бала үшін әуені маңыздырақ саналады. Саналы, сапалы ұрпақ өсіруде де бесік жырының маңызы дәлелденген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1871093-balany-kalaj-tez-zbatuga-bolady/

pixel