Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ махаббатты психикалық ауру деп танығаны рас па

Опубликовано:

Ғашықтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандықтар әлеуметтік желіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы махаббатты психикалық ауытқуларға жатқызып, оны аурулар тізіліміне енгізгені туралы ақпаратты таратуда.

Stopfake.kz порталының мәліметінше, бұл жалған ақпарат. Махаббаттың психикалық аурулар тізіліміне енгізілгені туралы мәлімет желіде 2010 жылы тараған.

Белгісіз авторлардың айтуынша, ДДСҰ бұл сезімді аурулар тізіліміне F63.9 нөмірімен алкоголизм, құмар ойындар, токсикомания және клептоманиядан кейін "Әдеттер мен құштарлықтың бұзылуы" тармағына енгізген.

Сонымен қатар, хабарламада аурудың белгілері де сипатталған: басқа адам туралы ойлар, көңіл-күйдің күрт өзгеруі, өзін-өзі жоғары бағалау, өзін-өзі аяушылық, ұйқысыздық және т.б.

Шын мәнінде, ДДСҰ-ның аурулардың халықаралық жіктемесінде F63.9 кодымен "Әдеттер мен құштарлықтың бұзылуы нақтыланбаған" ауруы жазылған.

Айта кетейік, ғалымдар махаббаттың, ғашық болу сезімінің, махаббатқа тәуелділіктің әсерін зерттеуде. Романтикалық махаббаттың нейробиологиясы мен нейрохимиясы туралы бірқатар жарияланымдар бар.

Бұл зерттеулерде "ғашық болудың" субъективті жағдайы мида болатын белгілі бір биологиялық реакциялармен тығыз байланысты деген қорытынды жасалды. Бірақ ДДСҰ махаббатты да, махаббат аддикциясын (тәуелділікті) да психикалық аурулар тізіліміне енгізген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1932364-ddsu-maxabbatty-psixikalyq-auru-dep-tanygany-ras-pa/

pixel