Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрымы екі метрге жететін қазақ қызы шаш күтудің құпияларымен бөлісті (видео)

Жарияланған күні:

Мөлдір Бекжан
Мөлдір Бекжан. Кадр: YouTube/"Таңшолпан" бағдарламасы

19 жылдан бері бұрымына қайшы тигізбей, екі метрге дейін жеткізген бойжеткен мұндай ұзын шашқа қалай күтім жасайтынын айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі "Таңшолпан" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мөлдір Бекжан шашын 9 жасынан бастап өсірген. 19 жыл бойы бұрымын өсіріп келе жатқан ару бүгінде шаш күтудің түрлі құпияларын меңгерген. Себебі ол шашының өзін - құндылық екенін жақсы түсінеді.

"Аптасына екі рет жуамын. Кейде бір-ақ рет жуатын кездер болады. Лак дейтін нәрселерді мүлдем қолданбаймын. Шашын күнде жуатын адамдар болады ғой. Ол зиян. Шашты сусабынға тәуелді етеді, кірлегіш бола түседі, шаштың әрін кетіреді. Жиі тараудың өзі шашты тоздырады және түсіреді", - дейді ол.

Мөлдірдің айтуынша, шашын белгілі бір мақсатпен өсірмеген. Алайда уақыт өте келе, жиырма жылдық еңбегінің зая емес екеніне көзі жеткен.

"Бұл үлкен еңбек екенін, оған шыдамдылық керек екенін уақыт өте келе түсіндім. Қазір осы шашымның арқасында қаншама адам мені сұхбатқа шақырып жатыр, түрлі ұсыныстар келіп жатыр. Қазақ қызы ретінде өзімді көрсеткім келеді. Осы еңбегіме халық құрметпен қараса екен деймін. Мен өзім табиғатымнан нәзіктеу, кішкентайлаумын.

Шашымның арқасында ешқашан көрінбей қалған емеспін. Орным бір төбе болып көрініп тұрады. Әуезов театрында баспасөз қызметінде істеген кезде менімен белді-белді, ханға сәлем бермейтін қаншама актерлар келіп өздері сәлемдесіп, жағдайымды сұрасып, шашымнан сипап жатады. Мұның барлығы менің осы шашымның арқасында деп ойлаймын", - дейді бойжеткен.

Болашақта Мөлдір қазақтың тарихын баяндайтын үлкен картиналарда бой көрсеткісі келетінін жасырмады.

"Шашымның әрі барда қазақ қызын сомдайтын рөлдерде ойнағым келеді", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1943461-burymy-eki-metrge-zetetin-qazaq-qyzy-sas-kutudin-qupiyalarymen-bolisti/