Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелдер қай саланы көп таңдайды және және қай салада жоғары жетістікке жетеді

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрі халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай шағын талдау жұмысын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Асхат Аймағамбетовтің Телеграм арнасына сілтеме жасап.

1. Ғалымдарымыздың жартысынан астамы, яғни 54%-ы әйелдер.

2. Докторантурада оқитын қыздар оқуларын көбінесе диссертация қорғаумен аяқтайды. Мысалы, 2020 жылы диссертация қорғаған түлектердің 67,5%-ы қыздар болды.

3. Әйел мұғалімдер туралы. Экономикалық даму және ынтымақтастық ұйымы (ЭЫДҰ) елдерімен салыстырғанда Қазақстандағы білім беру жүйесі анағұрлым феминизацияланған (TALIS-2018) 80% жуық.

4. ЭЫДҰ сарапшыларының айтуынша, көптеген елде әйел мұғалімдер ер мұғалімдерге қарағанда мамандық таңдауды саналы түрде жасаған. Мысалы, қазақстандық әйел мұғалімдердің 76%-ы болашақ мамандықты таңдаған кезде педагог мамандығына басымдық берілгенін айтқан.

5. Сондай-ақ қыздар оқу сауаттылығы (27 ұпайға) және жаратылыстану сауаттылығы бойынша (7 ұпайға) ұлдардан озып шықты. Сонымен бірге ұлдар математикадан мықты деген стереотипті "бұзды". PISA-2018 ұлдардың да, қыздардың да білімі бір деңгейде екенін көрсетті.

6. Басқа зерттеулердің (TIMSS-2019, IEA) нәтижелері де 4 және 8-сынып қыздарының ұлдарға қарағанда оң нәтижелерге қол жеткізетінін көрсетті. Немесе кемінде математика мен ғылымда бірдей жетістіктерді көрсетеді.

7. Қыздардың басым көпшілігі (68%-дан астамы) келесі мамандықтар бойынша жоғары білім алады:

1. Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат – 79,1%;

2.Өнер және гуманитарлық ғылымдар - 71%;

3. Педагогикалық ғылымдар - 70%;

4. Жаратылыстану, математика және статистика - 68%.

Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша гендерлік теңдік белгіленді:

1. Ауыл шаруашылығы және биоресурстар – 49,5%;

2. Бизнес, менеджмент және құқық - 48%.

Ал қыздар көп бармайтын салалар мыналар:

1. Техникалық ғылымдар мен технологиялар – 31,6%;

2. АКТ - 30%;

3. Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салалары – 28,7%.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1959746-aielder-qai-salany-kop-tandaidy-zane-zane-qai-salada-zogary-zetistikke-zetedi/

pixel