Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойжеткендерге кеңес: Жігітке ғашық болып қалғаныңды қалай білуге болады

Опубликовано:

ғашықтық
Көрнекі фото: Pexels

Көп жағдайда қыздардың өзі жігіттерді жай ғана ұнатқанын немесе оған ғашық болып қалғанын білмей, бұл сезімдердің аражігін ажырата алмай жатады. Әсіресе, мұндай сезімді алғаш рет басынан өткеріп жатқан арулар шын ғашық болудың не екенін білмей қиналатыны анық. Осы орайда ғалымдар мен психологтар қыздардың жігітке ғашық болғанын білдіретін белгілерді атады.

Жігітке ғашық болып қалғаныңызды қалай білуге болады? Психологияда ғашықтықты білдіретін түрлі белгілер бар. Олардың бастылары: гиперэмоционалдылық, өмірді толыққанды сезіну, оның әрбір сәтінен ляззат алу, эйфория күйі, иіс сезу қабілетінің күшеюі, мистификация мен махаббат азабы. Бұл сезімдердің барлығының өзінің түсіндірмесі және сипаттамасы да нақты айқындалған.

Гиперэмоционалдылық

Жігітке ғашық болып қалған қыз өте нәзік әрі сезімтал бола түседі. Ол көп жағдайда эмоционалды тұрғыда тұрақсыз болады, себебі оның ағзасында физиологиялық тұрғыда өзгерістер болып жатады. Ағза оның психоэмоционалды күйін өзіне түскен қатты күйзеліс деп қабылдайтын болады. Ғылым кандидаты, әлеуметтік психология докторы Тимоти Джей Ловинг әріптестерімен бірге ғашық болып қалған қыздың ағзасында кортизол (ағзаны күйзелістен қорғайтын гормон) деңгейінің жоғары болатынын анықтаған. Ал бойжеткен жігітке тек жыныстық қызығушылық танытса, онда аталған гормон ағзада өз нормасында болады екен.

Ер адамға ғашық болу кезеңінде адам санасы кортизол гормонын шамадан тыс шығару сияқты реакция береді екен. Бұл гормон, естеріңізде болса – окситоциннің – бақыт пен ләззат алу гормонының көп мөлшерде өндірілуін қамтамасыз етеді. Ғашықтар бір-бірін құшақтап, сүйіскен сәтте ағзадағы окситоциннің де мөлшері көбейеді. Яғни, психологиялық күйзеліс азайып, жігітіне ғашық қыздың бойында оған деген сенім, махаббат сезімі күшейе түседі. Ол өмірін толыққанды сүре алатынына, оның әр сәтінен шексіз бақыт ала алатынына сенімді болады.

Өмірді толыққанды сезіну және оның әрбір сәтінен ляззат алу

Жігітке ғашық болып қалған ару бойында энергияның артқанын сезініп, айналасындағы ортаға позитивті, оптимистік көзқараспен қарай бастайды. Психотерапевтер Харвилл Хендрикс пен Хелен Хант «Өмір бойына махаббат» кітабында атап өткендей, ғашық болған адамда өмірдің әр сәті қуаныш сыйлап, өмірді толыққанды сүру үшін — ішімдік, тәттілер, компьютерлік ойындар, фильмдер көру және т. б. қажет болмай қалады. Хендрикс пен Хант махаббат сезімін басынан өткерген адамдар ағза бөліп шығаратын табиғи стимуляторлардың әсерінен осындай күйге түседі деп түсіндіріп отыр. Осы аталған процесстердің арқасында:

  • пульс жиі соға бастайды;
  • қабылдау күшейеді;
  • энергия артады;
  • айналада болып жатқан оқиғалар тек «жақсы» жағынан көріне бастайды.

Ғашықтық сезімі қыздың жағымды эмоцияларын, махаббатын тек ер адамға ғана емес, сондай-ақ, басқа да адамдарға, тіпті жануарларға мен өсімдіктерге де күшейте түседі. Жүрегінде махаббаты бар ару өзі мен айналасындағы ортаны біртұтас әлем ретінде қабылдай бастайды. Ол өмірді жарқын, қызықтарға толы етіп көреді және өзін ғаламның бір бөлшегі деп сезінеді.

Қыздардың жігітке ғашық болып қалғанын білдіретін басты белгілер
Қыздардың жігітке ғашық болып қалғанын білдіретін басты белгілер: Pexels

Эйфория күйі

Ғашықтық пен махаббаттың бастапқы кезеңінде қыздар көп жағдайда эйфория күйіне түседі. Ғалым Владимир Век «Ғашықтық пен махаббат ғылыми зерттеу нысаны ретінде» монографиясында, адам ғашық болғанда ағзада дофамин бөлініп шығарылатынын жазды. Ғылымда оны «марапаттау жүйесіндегі» ең маңызды элемент деп санайды, себебі адам оның көмегімен жағымды эмоцияларды басынан өткереді. Осылайша дофаминнің белсенді түрде бөлінуі арқылы адам эйфория күйіне түседі. Бұл күйдегі қыздар:

  • ойы шашыраңқы, тиянақсыз күйге түседі;
  • күндер мен оқиғаларды шатастыруы мүмкін;
  • болған оқиғалар мен фактілерді араластырады;
  • қырағылықты жоғалтады.

Мұндай күйдегі арулар өздерін шексіз бақытты сезініп, жаны тынышталады. Бір қызығы эйфория күйі сыртқы факторларға немесе мән-жайларға байланысты болмайды. Қыздар бойларында орасан күш барын, осы күш оларға шексіз бақыт пен қуаныш сыйлайтынын сезеді. Сүйіктісіне құлай ғашық болған арулар мұндайда оның арманындағы адам екенін, сол себепті оған бар махаббаты пен сүйіспеншілігін беруге дайын болады. Мысалы, Джессика Паркер Роберт Дауниге қатты ғашық болғаны соншалық, оның бойына нжағымсыз әдеттерін байқамаған еді. Соның салдарынан қос жұп көп ұзамай айрылысып кетті.

Иіс сезу қабілетінің жоғарылауы

Ғашық болған қыздар бейсаналы күйде сүйіктісінің хош иісіне реакция беруі мүмкін. PubMed басылымында психолог, философия докторы Йохан Лундстром ғашықтардың иіс сезу сезімі тек бір-біріне ғашық болған күйде күшейе түсетінін және басқа адамдарды қабылдай алмайтынын айтқан.

Бойжеткендерге сүйікті адамдарының иісі тек жағымды эмоциялар мен естеліктер сыйлайды. Мысалы, егер оның сүйіктісі үнемі бір иіссуды ғана қолданса, қыздар осы иісті басқа бір ортадан кездестіргенде, оның жанын әп-сәтте нәзік әрі махаббатқа толы сезім баурайды.

Болашақ серіктесін қабылдар сәтте адамның миы ең алдымен оның иісіне «сараптама» жасамайды, ол осы иістің сол адамға жарасып-жараспайтынын бақылайды. Осылайша нәзік жандылар өздерінің болашақ өмірлік серігін таңдап, олармен өмір бойы бірге болу туралы шешім қабылдап жатады.

Сол себепті иіс саналы түрде адамға оның денсаулығы, күш-қуаты, иммунитеті, олардың бір-біріне қаншалықты сәйкес келетіні, бір-біріне үйлесімділігі туралы ақпарат береді. Ал бұл өз кезегінде дүниеге дені сау ұрпақтың келуіне себепкер болады.

Мистификация

Сүйітісіне ғашық болып қалған қыздардың орын алатын тағы бір өзгеріс – ол сүйікті адам мен оның арасындағы жағдайларды «жалған» сәйкестендіру, оны іштей өзіне жақын тарту болып табылады.

Қыздардың жігітке ғашық болып қалғанын білдіретін басты белгілер
Қыздардың жігітке ғашық болып қалғанын білдіретін басты белгілер : Pexels

Мистификация – бұл табиғи психологиялық реакция болып саналады және ол ғашық адамға саналы түрде ғашықтық сезімді қалай пайда болғанын түсіндіріп, оны объективті әрі «шындыққа» жақын еткісі келеді.

Махаббат сезімін басынан өткерген қыздар көбінесе не себепті дәл осы ер адамды сүйіп қалғанын түсіндіре алмай жатады. Бұл уақытта арулар болған оқиғаларды тізбектеп, олардан белгілі бір сәйкестік пен «мән-мағына» тапқысы келеді. Осы әрекетімен ол ғашық болған жігітін – өзінің тағдыры деп қабылдай бастайды.

Ол өмірінде орын алып жатқан барлық жағдайды осы өмірлік серігін кездестірумен сәйкестендіре бастайды. Мысалы:

  • олар бір мектепте оқыды
  • екеуіне ортақ таныстары бар
  • олар бір ауданда тұрады

Қыздар өміріндегі ер адамды кездестіруге мүлдем қатысы жоқ оқиғалардан да мистикалық параллель іздеп, осы адамды өзінің тағдыры ретінде қабылдайды.

Махаббат азабын тарту

Жігітіне құлай ғашық болған қыздар онымен көп көріспесе сағына бастайды. Психология ғылымдарының кандидаты Надежда Майер ғашық арулардың миында тәуелділіктің пайда болуы сияқты процестер жүретінін айтады (мидың кей бөліктері белсенді бола бастайды). Жүрегінде махаббаты бар қыздар ғашықтық азабын да тартады. Мысалы нашақор адамдар қолдарында есірткі болған жағдайда өзін жақсы сезінеді, ал болмаса – жандары қинала бастайды.

Ғашығының жанында оның санасы эмоционалды төңкерісті бастан кешіп, күш-жігері артып, бақытты бола түседі. Мұндайда қыздар сүйіктісінің әңгімесін сағаттап тыңдауы мүмкін. Мысалы, Лив Тайлер мен Хоакин Финикс бір-біріне ғашық болған кезде, әр секундын бірге өткізуге тырысқан: түсірілім арасындағы үзілістерде олар бір-бірінің трейлерлерін көрген. Сүйіктісі жанында болмаған уақытта қыздар:

  • сүйіктісіне бауыр басып, оны үнемі іздейтін болады;
  • оны көруге, онымен бірге болуға немесе жай ғана қоңырау шалуға асығып тұрады;
  • сүйіктісі жанында болмаса, өзін күдіктермен әрі үмітпен қинай бастайды;
  • сүйіктісінен хабар күтеді.

Сүйіктісі жанында болмаған болмаған уақытта қыздар тек ғашығын ойлайды және онымен кездесуге асығады.

Махаббат – адамдардың басты эмоционалды қажеттілігі. Өзіңізді тыңдаңыз, өз сезімдеріңізді зерттеп көріңіз. Ішкі сигналдар, дененің реакциясы және психологиялық жай-күй нәзік жандыларға жүрегінде біреуге деген шынайы махаббат бар ма, әлде бұл жай ғана қызығушылық па деген сұрақтардың жауабын береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1963596-boizetkenderge-kenes-zigitke-gasyq-bolyp-qalganyndy-qalai-biluge-bolady/

pixel