Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйел адам мотивация беруі керек": Дінтанушы қазіргі кезде ер азаматтарға не жетіспейтінін айтты

Опубликовано:

әйел мен күйеу11
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі дінтанушы, теолог Нұрлан Байжігітұлы тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызымен болған тікелей эфирде желі қолданушыларынан келіп түскен өзекті сұрақтарға жауап берді. Онда шариғат бойынша отбасындағы ер мен әйелдің табысы және әйелдердің ер азаматтарға мотивация беруі жайында сөз болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жанұяда әйел өзінің табысын күйеуіне айтпай, бауырына бергені дұрыс па?

Нұрлан Байжігітұлының сөзінше, әйел табысын қалай жұмсаймын десе де өз еркі.

"Әйел өзі шешеді. Егер өзі тапқан табысы болса, күйеуіне айта ма, айтпай ма өзі біледі. Менің жиі айтатын сөзім бар - әйелдің табысы қалтада, күйеудің табысы ортада. Бірақ әйел күйеуін құрметтеп, "менің тапқан табысым бар еді, соны ағама, бауырыма берсем" деп айтса болады. Бұл - құрмет. Әйел ол туралы айтпай-ақ, өз табысын беруіне болады. Тек күйеудің табысын шетінен сындырып, жинап төркініне беріп жіберсе - күнә болады. Олай істемей, айтып беру керек", - дейді имам.

Әйел адам күйеуіне мотивация беруі керек пе?

Дінтанушы ерлерге мотивация ауадай қажет екенін айтады. Оның пікірінше, қазіргі кезде көп еркек өз орнын жоғалтып алғандықтан, жылы сөзге мұқтаж.

"Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бірінші рет Алладан хабар алып келген кезде мотивацияны алғаш Хадиша анамыз берген. "Тоңдым, тоңдым, үстімді жапшы, осындай көрдім, маған қорқынышты бірнәрсе келді", - деген кезде Хадиша анамыз пайғамбарға: "Сіз жамандық жасамайсыз, сіз өте керемет адамсыз, аманатшылсыз, біреуге қиянат қылмайсыз" деген. Сол кезде пайғамбар әйелін тыңдап, тынышталады. Әйел адам мотивация беруі керек. Еркек мотивацияға мұқтаж. Неге? Өйткені көп еркек өз орнын жоғалтып алған.

Мотивацияның түр-түрі бар. Сөзбен, дәмді тамақ жасап немесе жақсы әтір себу арқылы мотивация беруге болады. Сонда ер адам осының көңілінен шықсам деп ойланады. Бізде жылы сөз кесте бойынша айтылатын сияқты. Түске дейін айтып, түстен кейін ұрсысады. Негізі жылы сөз, жақсы сөз тоқтамауы керек. Өмір бойына жалғасуы керек. Әйелдің қолында көп нәрсе бар. Ерді көрге де сүйрейтін, төрге де сүйрейтін - әйел", - дейді Нұрлан Байжігітұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/lady/1974590-aiel-adam-motivaciya-berui-kerek-dintanusy-qazirgi-kezde-er-azamattarga-ne-zetispeitinin-aitty/

pixel